- 183
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» – деген Бауыржан Момышұлы. Ана тіліміз жөнінде қай заманда да болсын дуалы ауыздар айтудай – ақ айтқан. Бірақ оны тыңдап жатқан қазақ баласы аз. Азаттық алдық, көк туымыз аспанымызда желбіреді. Ұлт мәселесіне бөгет, бөгеу жоқ, жолымыз ашық. Енді тілімізді білмесек, салтымызды ұстанбасақ, басқа ел біздің қазақ деген халық екенімізді қай қырымыздан танып, біледі. Тіліміз орысша, киіміміз еуропаша, құдамыз кәріс болса қазақпыз деп қалай айта аламыз?
- 205
18 мамырда «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде «Нашақорлық – XXI ғасырдың қасіреті» тақырыбында қалалық брифинг өтті.
- 232
Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі жарыс осы жолы да тартысты болды.
- 196
Саран қаласының «Сұңқар» стадионында жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир өтті. Турнир 40 жыл ғұмырын футболға арнаған тәжірибелі бапкер Миляев Олег Викторовичті еске алуға арналды.
- 192
Саран қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде «Достық аспанында» атты мерекелік концерт өтті.
- 201
Саранда балалар өнер мектебінің педагог-хореографы Асылбек Санарханның «Өнерімен өрлеген» атты 15 жылдыққа арналған шығармашылық есеп беру кеші өтті. Бұл кеште тек тәжірибелі ұстаздың шәкірттері ғана емес сондай-ақ өмірде де, өнерде де қолдау білдіріп жүретін асыл жары - Темірбек Мөлдіржанның бишілері де өнер көрсетті.
- 203
2026 жылдың 1-тоқсанында Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- 180
Заң талаптарына сәйкес 27 бақылау іс-шарасы өткізілді (2 жоспарлы тексеріс, 5 жоспардан тыс, 20 қашықтықтан бақылау).
- 178
Құтырма (адамда - гидрофобия) – барлық жылы қанды жануарлар-хайуанаттарда кездесетін ауру, ол тістеу арқылы, сілекеймен жұғады. Құтырма энцефалит (бас миының қабынуы), сал ауруы, құрысқақ түрінде шығады. Аурудың соңы өлім-жітімге әкеп соқтыруы әбден мүмкін.
- 183
«Тіл – тәрбие бастауы», – деп тегін айтылмаған. Өйткені, адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап айналадағы жаңа ақпараттарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Өз ана тілін сәбилер ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан бойына сіңіру арқылы үйренеді. Ержете келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Мінекей осылай, ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді, отбасылық тәрбиенің негізгі бастау көзі – ана тілі. Қазақ әр кезде де ұрпақ тәрбиесіне жете назар бөлген. Ал ұлттық тәрбиенің негізі әрине, әрқашанда ана тілі болып табылады.





