- 869
8 маусымда Мемлекет басшысының Ұлытау өңірін құру туралы жарлығы күшіне енеді.

Хабар 24.kz телеарнасының тікелей эфирінде аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек жаңа облыс ресми құрылғаннан кейін Қарағанды облысы қалай дамитыны туралы айтты.

Телеарна тілшісі әкімнен екі облыстың экономикасы не болатынын, аумақтық бөлу бюджетке қалай әсер ететінін сұрады.
– Өңірлерді бөлгеннен Қарағанды облысы үшін де, Ұлытау өңірі үшін де ешқандай минус көріп тұрған жоқпыз. Бюджетке түсетін салықтар мен республикалық жарна пропорционалды бөлінеді. Қарағанды облысына жоғары тұрған бюджеттен түсетін салықтар мен трансферттер аумақтық жағынан Ұлытау облысы құрылған аймақтарға түседі. Қалғанының бәрі облыстардың өздерінің кірісі. Ірі компаниялардан түскен қаржыға келсек, қазір «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған қаласына кәсіпорындарын қайта тіркеуден өткізуде. Мен жаңа облыс пен облыс орталығында одан әрі қарқынды дамуға барлық алғышарттар бар екеніне сенімдімін. Екі өңір де экономика құрылымы мен халқының саны жағынан ұқсас болады, – деп атап өтті Қарағанды облысының басшысы.
Екеуінің де айқын өнеркәсіптік бағдары, жүйеқұрушы кәсіпорындардың қызметіне тәуелділігі бар.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында халықтың 80 пайызы қала тұрғындары. Ұлытауда да шамамен осылай болады.

Жезқазғанда Президенттің тапсырмасымен үш ірі жоба жүзеге асырылмақ. Соның бірі – ұзындығы 43 шақырымды құрайтын «Үйтас-Айдос» су құбырын қайта жаңғырту. Бұл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша бұрыннан келе жатқан мәселенің шешімін табады.
– Ұлытаудың көліктік қолжетімділігіне қол жеткізу үшін ұзындығы 208 шақырымды құрайтын Қызылорда – Жезқазған жолы және «Жезқазған – Қарағанды» тас жолының 513 шақырымын қайта жаңғырту жоспарлануда, – деді облыс әкімі. – Қызылорда – Жезқазған бағытында қазірдің өзінде мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жезқазған – Қарағанды жолы бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Еске салайық, 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында орталығы Жезқазған қаласында орналасқан Ұлытау өңірін құру туралы бастама көтерген болатын. Жаңа аймаққа Қаражал, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа мен Ұлытау аудандары кіреді.
- 849
8 маусымда Мемлекет басшысының жаңа Ұлытау облысын құру туралы жарлығы күшіне енеді. Бүгінгі аппараттық кеңесте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа өңірге баратын әріптестеріне сөз сөйлеп, бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.
– Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Ұлытау, Жаңаарқа өңірлеріндегі әріптестерімізге табыс тілеймін. Бірлесе отырып, иық тіресе талай жұмыс атқардық, осы жылдар ішінде осы өңірлердің тұрғындары үшін өзекті мәселелерді шешуге қол жеткіздік, – деді Жеңіс Қасымбек.
Ол жаңа өңірдің болашағы зор екеніне, өңірдің дамуға серпін беретініне сенім білдірді.
– Сіздер жаңа өмірге қадам басқалы тұрсыздар. Осынау шешуші сәтте сәттілік тілеймін, – деп кеңес берді Жеңіс Қасымбек әріптестеріне.
- 827
Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 80,71% - ы алды.
Саран қалалық референдум комиссиясы
- 814
Қарағанды облысында аумақтық референдум комиссияларының мәліметтері бойынша 2022 жылғы 5 маусымда сағат 18:00-де бюллетеньдер тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 73,31 %-ын құрады.
Ең жоғары белсенділікті Ұлытау ауданының тұрғындары көрсетті – 86,11 %. Көшбасшылар үштігінде сондай-ақ Жаңаарқа және Ақтоғай аудандары – тиісінше 85,28 және 83,44 %.
Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады. Қарағанды облысында референдумға қатысушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 22:00-де белгілі болады.
Айта кетейік, өңірде дауыс беруге арналған 777 учаске бар. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, референдумға 880 мыңнан астам қатысушы тіркелген.
- 761
Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 18.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 76,01% - ы алды.
Саран қалалық референдум комиссиясы
- 717
Қазақстанда еліміздің қолданыстағы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтіп жатыр.
Осы түзетулерге сәйкес Мемлекет басшысының өкілеттігі қысқартылады, Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың рөлі едәуір күшейтіледі, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығайтылады, Конституциялық сот қайта жаңғыртылады, өлім жазасын түпкілікті жою баянды етіледі және Елбасының мәртебесі туралы ережелер алып тасталады.
Біздің қаламыздың тұрғындары да осы маңызды саяси оқиғаға белсене қатысады. Таңғы жетіден бастап Саран мен Ақтас кентінде сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.
# референдум2022
- 747
Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 16.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,10% - ы алды.
Саран қалалық референдум комиссиясы
- 704
Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 14.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 60,67 % - ы алды.
Саран қалалық референдум комиссиясы
- 715
Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 10.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 34,58 % - ы алды.
Саран қалалық референдум комиссиясы
- 732
Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 12.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 46.04% - ы алды.
Саран қалалық референдум комиссиясы





