- 171
Жыл сайын елімізде шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Көрнегі ақын Қадыр Мырза Әлі: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бекерден-бекер жырламаса керек.
- 176
Саран қаласында бірінші рет «Happy dog» фестивалі өтті. «Happy dog» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «Бақытты ит» деген мағынаны білдіреді. Өз атауында тұрғандай бұл фестиваль өзге шаралардан мейірімділігі мен қамқорлығымен ерек. Себебі онда кез келген қала тұрғыны өзіне сенімді серік, адал дос таба алды.
Қалалық «Сұңқар» стадионында мұндай форматта алғаш рет адамның төрт аяқты достарына арналған ауқымды шара ұйымдастырылды. Үй жануарлары, әсіресе иттер, иелерінің физикалық белсенділігін арттырады. Олармен серуендеудің өзі адам денсаулығының жақсаруына зор септігін тигізеді. Бұл фестивальде ит ұстаушылар сүйікті жануарларының өнерлерін ел назарына паш етті. Ол үшін үлкені мен кішісін қызықтыра білетін байқаулар өткізілді. Ең алдымен «Дефиле» бөлігінде қатысушылар үй жануарларын таныстырып, олармен бірге қызыл кілемнің үстінен жүріп өткен. «Викторина» бөлігінде жануарларға қатысты қойылған сұрақтардан жаңылмауға тиіс болған. Командалық ойындардың орны тіпті бөлек. Себебі бұл жерде әр иттің қабілеті мен өнері бағаланған. Бәрінен Босc есімді ит көптің назарын өзіне қаратты.
- 192
Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Балалар алаңсыз асыр салып ойнап, жазғы демалысында бір жасап қалатыны сөзсіз. Бұл уақытта жазғы лагерьлердің де жұмысы қыза түседі. Патриоттық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттап жүрген қаламыздағы сауықтыру лагерьлердің бірі – «Бәйтерек» лагері.
Биыл №1 мектеп-лицейдің базасында «Бәйтерек» мектеп жанындағы сауықтыру лагері әдеттегідей өз жұмысын 1 маусым күні бастап кеткен. Лагерьдің негізгі мақсаты - балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту. Осы тұрғыда мектеп лагерінде алдын ала жоспар құрылған. Бекітілген жұмысқа сәйкес, балалармен түрлі ойындар, байқаулар өткізілген.
Биыл лагерьге бас-аяғы 30 бала қатысты. Әр күн сайын міндетті түрде денені қыздыратын, ұйқыдан оятатын ширату жаттығулары жасалды. Оқушылар түскі астан кейін ашық аспан астында ойындар ойнап асыр салды. Әрі спорттық-бұқаралық іс-шаралар, тілдік алаң, робототехника бағыттары бойынша үйірме жұмыстары жүргізілді. Сақтық шараларына да аса мән берілді. Күн сайын тәрбиешілер судағы қауіпсіздік шаралары және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат сағатын өткізіп тұрды. Лагерь бұрышында қауіпсіздік ережелері туралы парақшалар, сондай-ақ, барлық құтқару қызметтерінің телефондары ілінді.
- 181
Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы мемлекеттік тілдің ахуалын үнемі сүзгіден өткізіп, зерделеп отырады. Осы бағытта жұмыс қарқыны да артуда.
Бүгінде қалалық тілдерді дамыту орталығында «Көрнекі ақпарат пен жарнама сауаттылығы» әлеуметтік жобасы аясында көрнекі ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіліп тұрады. Көрнекі ақпарат құралдарына не жатады? Оған көшеде ілініп тұрған баннерлер, маңдайшалар, түрлі хабарландырулар мен көзге түсетін жарнамалар, баға көрсеткіштері және тағы басқа да елдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін маңызды құралдар кіреді. Ондағы мағлұматтың дұрыс аударылуы мен сауатты жазылуы Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының әрдайым бақылауында.
- 136
21 маусым күні Саран қаласында облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі семинар-кеңесі өтті. Келелі кездесуде орамды ой, парасатты пайым мен салиқалы пікір ортаға салынды.
Ардагерлер қалаға кіреберісте көзге түсетін заманауи архитектуралық үлгіде жасалған «Saran» деген жазуы бар арканың алдында шашу шашылып, қара домбыраның күмбірлеген үнімен салтанатты түрде қарсы алынды. Кейін қала әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин, қалалық мәслихаттың төрағасы Өміржан Баймағанбетов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабике Токушева Жеңіс Стелласына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің рухына құрмет көрсетті.
- 137
Биыл Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Яғни, 2024 жылы кәсіп иелері мен олардың жұбайлары 250.00 нысан бойынша салық есебін өткізуге міндетті.
- 146
Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
- 140
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Әділ Қазақстанды» құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Біріншіден, біз азаматтардың қоғамдық санасы мен ұмтылысын өзгертуіміз керек, онсыз барлық басқа күш-жігер пайдасыз болады. Ұлттың жаңа қасиеттерін қалыптастыру біздің еліміз үшін ерекше маңызға ие. Барлық азаматтар, әсіресе жастар, ең жақсы қасиеттерді бейнелеуі керек, өйткені олардан қоғам құндылықтарының жалпы жүйесі қалыптасады. Егер әркім патриотизмді, білімге деген құштарлықты, еңбекқорлықты, тәртіпті, жауапкершілікті, әділдікті, үнемшілдікті және ынтымақтастық сезімін көрсетсе, онда біздің еліміз үшін қол жетпейтін мақсаттар болмайды».
- 129
Он жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2014 жылдың 8 тамызынан бастап Саран қаласында «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істей бастады. Бүгінде орталық өзіне жүктелген қызметті абыройлы атқарып, тың жобалармен көзге түсуде.
- 156
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Қаламыздың және тұтастай алғанда елдің әлеуметтік және экономикалық өзгерістері сіздердің қызметтеріңіздің тиімділігіне, тәжірибелеріңізге, алға қойылған міндеттерді сапалы орындауға деген ұмтылыстарыңызға байланысты.