Бүгін: 17.09.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

17-22 Қаңтар аралығында «XXI ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы өтті.  Осы апталық аясындағы жоспар  бойынша мектебімізде мұғалімдер арасында «Ой мен ойын» атты сайыс өткізілді.

Оқу сауаттылығы апталығы аясында өткізілген іс-шаралар оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын арттыруға әрі қарай мүмкіндік беретін бірден-бір апталық деп ойлаймыз. Осы апталық аясында мектебіміздің мұғалімдеріде қалыс қалмады.

«Ой мен ойын» атты танымдық сайысында мұғалімдеріміз өздерінің логикалық ойлауын, шапшаңдығын, шығармашылық қабілетін көрсетті. Ойынға «Қыран» және «Сұңқар» атты екі топ қатысты. Әр топта әр пәннен сабақ беретін 3 мұғалімнен болды.  Мұғалімдер осы ойында 5 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады. Бірінші кезеңде ой шапшаңдығын көрсетсе, екінші кезеңде логикалық ойлауы қандай деңгейде екенін танытты, үшінші кезеңде тапқырлықтарын байқатып, төртінші кезеңде шығармашылық тапсырмаларды орындады, ал соңғы алтыншы кезеңде қазақ тіліндегі айшықты сөздердің мағынасы ашып айтты. Осы алты кезеңнен сүрінбей өтіп, жүзден жүйрік болған «Сұңқар» командасы бірінші орынды  ие болды. Жүлделі орынға ие болған мұғалімдеріміз мадақтамамен марапатталды.

Білімді ұрпақты тәрбиелеу мұғалімдердің қолында, ал жан-жақты, заманауи ұрпақ тәрбиелеу қазіргі заман талабы.

Б. Смагулова,

 «№ 7 МИ» КММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі