Бүгін: 17.09.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

САРАН ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРБЕК ОМАРОВ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

4 ақпан күні  Саран қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайырбек Омаров Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжге барып,    «Развитие избирательной системы Республики Казахстан» атты тақырып аясында студенттерге лекция оқып, сұрақ-жауап алып, пікір алмасты.

Кездесу барысында  Қайырбек Омаров: «Біз Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжге үлкен құрметпен қараймыз. Бұл оқу орны өзінің дәстүрімен бай. Сіздер, жастар, біздің еліміздің болашағысыңдар. Сіздерге зор үміт артамыз. Жаңа Қазақстанның таңы дәл сіздермен байланысты болады деп ойлаймыз»,- деп кіріспе сөзінде атап өткен болатын. Сондай-ақ, жастарға  3 ақпан күні - Дүниежүзілік сайлау күні екендігін айтты.

Әр адам өзінің елінің заңдарын құрметтеуі тиіс.  Сол себепті тақырып шеңберінде айбары асқақ Ата Заң жайлы мағлұматтар беріліп, заңдарға шолу жасалынды. Студенттерге түсінікті болу үшін арасында мысалдар да келтіріліп отырды.

Саран қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайырбек Омаров айтқан мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Саран қаласында 451 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Бүгінгі таңда Саран қаласының халқы 51 мың адамды құрайды, ал Ақтас кентінде 8975 адам бар. 

Жаза кетейік, қоғамдық кеңесінің төрағасының студенттермен кездесуі емін-еркін форматта, пікіралмасу түрінде өтті.

 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген:

Камила ОСПАНОВА