Бүгін: 17.09.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МАТЕМАТИКАДАН ЖАРЫСЫП,  САНДАРДЫ СӨЙЛЕТТІ.

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте биыл төрт бірінші сынып бар.  2021-2022 оқу жылында білім орданың табалдырығын алғаш рет 106 оқушы аттап, бүгінде  санау мен оқуды, қосу мен азайтуды меңгеріп, түрлі мектепішілік жарыстарға, шараларға қатысып та жүр. Таяуда білім қабырғасында бастауыш сыныптар арасында облыстық «Математика айналамызда» атты математикалық сауаттылық апталығының жоспары бойынша «Қызықты санамақтар» тақырыбында 1-сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс барысында 1-сынып оқушылары 1-ден 10-ға дейін сандарды санап, оларға қатысты құнды мәлеметтермен танысты. Бір-біріне санамақтар, сандық құрамдарын айтып, білімдерімен алмасты.

Аталмыш мектеп директордың оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Асия Жолдасбаеваның айтуы бойыша, апталықта әрбір бала өзіне берілген сан бойынша қосымша мәлеметтер дайындап алып келіп, басқаларына баяндап берген. Сонымен қатар, «Қосу және азайту» амалдарына байланысты 3 топқа бөлініп жарысқан.

Бастысы  - сайыс балалардың көңілінен шықты. Ұстаздар апталық көңілді және балалар үшін танымды өтті деп отыр.

 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА