Бүгін: 17.09.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

БИЫЛ ТАЛАЙ ДАРЫНДЫ ТҮЛЕКТЕРДІ ТҮЛЕТІП ҰШЫРҒАН, МЫҢДАҒАН ШӘКІРТТЕРДІҢ ЗЕЙІНІН АШЫП, ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА БЕРГЕН КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫНА - 60 ЖЫЛ.

2022 жыл № 1 мектеп-лицейіне ерекше ыстық. Себебі биыл білім ордасы өзінің алпыс жылдық мерейтойын атап өтпек. 

Мектептің алғашқы іргетасы 1962 жылы қаланды. Сол жылдан бері бірталай өзгерістер орын алды. 1961-1966 жылдар аралығында мектеп директоры  Макаров Николай Михайлович болса, 1966-1976  жылдары  Курьянов Михаил Степанович директордың қызметін атқарды.

Одан кейін 1976-1987 жылдары Бакижанова Кульжан Даутовна, 1987-1995 жылдары Соколов Петр Владимирович, 1995-2021 жылдары Романюк Татьяна Григорьевна басқарды. Ал  2021 жылдан бастап № 1 мектеп – лицей директорының міндетін атқарушысы болып Денисовская Ирина Сергеевна тағайындалды. Бастапқыда мектептің атауы  «№ 1 жалпы білім беретін мектеп»  болса, кейін 2019 жылдан бастап мектептің атауы «№ 1 мектеп-лицейіне»  ауысқан.

Қазір білім ордасы заманауи техникалармен жабдықталған, үлгілі білім ордалардың бірі. Ұстаздарға қойылатын талаптар да жоғары. Тарихы тереңде жатқан, жылдар бойы өркендеп келе жатқан білім ордасымен  2006 жылдан бастап қаламыздағы  № 1 отбасылық оқу кітапханасы әлеуметтік серіктес. Осы уақыт аралығында кітапхана ұжымы оқушылармен бірге бірталай жарқын және қызықты іс-шаралар өткізді. Әлі де бұл әдемі дәстүр өзінің жалғасын табатынына сенімдіміз. 

Мектепті елеулі мерейтойымен ең алғашқылардың бірі болып та № 1 отбасылық оқу кітапханасы құттықтап, айтулы датаға орай  аталмыш кітапханада ересектер абонементінің кітапханашысы Елена Алексейцева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Здесь Родины моей начало» жобасы аясында  және «Менің өлкем – Мой край» өлкетану үйірмесі  шеңберінде  «Летопись школьной жизни» атты тақырыпта  бейне – конференциясын өткізді.  ZOOM платформасында өткен конференцияға № 1 мектеп – лицейінің мұғалімдері, оқушылары, педагогика саласының еңбек ардагерлері, түлектері мен әлеуметтік серіктестіктері қатысты.

Онлайн шарада алғашқы болып сөз алған № 1 мектеп – лицей директорының міндетін атқарушы Ирина Денисовская мектеп өміріне шолу жасап, ізгі лебізін білдірді. «Ұстаздың еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші конференцияға педагогика саласына елеулі үлес қосқан аяулы ұстаз Елена Рейслер қатысты. Ардақты жан бүгінде  құрметті демалыста.

Әрбір білім ордасы өзінің түлеп ұшқан шәкірттерін мақтан тұтады. № 1 мектеп-лицейінің 1978 жылғы түлегі, қазір Саран техникалық колледжінде кітапханашы болып қызмет етіп жүрген Марина Гофман да шараға қатысып, жүректен шыққан ақжарма тілегін жолдады.   

Бейне-конференцияда барлық оқушылар атынан, мектеп партиясының мүшесі, 8 – сынып оқушысы Андрей Коржов сөз сөйлеп, білім орданың гүлденіп, өркендей беруін тіледі.

Мейірімділікке толы шара соңында ZOOM конферециясының қатысушылары алпыс жылдық тарихы бар ордалы білім ордасына деген ізгі тілектерін  арнады.

   

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА