Бүгін: 19.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН АШЫҚ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 6 МАМЫРЫНДА ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ МОЛОДЕЖНЫЙ КЕНТІНДЕ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ. СПОРТТЫҚ САЙЫС ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ТОКУБАЕВ СЕМБАЙ ЫБЫРАЙҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ.

Аталған іс-шараға 2008-2010, 2011-2012 жылдары өмірге келген жасөспірімдер қатысты.

Тартысты өткен жарыс бірнеше салмақ дәрежесі бойынша қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.

Жерлестеріміз айтулы бәсекеде намысты қолдан бермеуге тырысып, жүлделі орындарға ілікті. Атап айтсақ, Саран қаласының №7 жалпы білім беретін мектеп-интернатының спорттық «Классник-Вольник» күрес клубының жасөспірім палуаны Владимир Зайнулин 26 келі салмақ дәрежесінде, ал аталған спорт клубының тағы бір палуаны Кирил Карелин 46 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Жерлестерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ