Бүгін: 29.03.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

8 маусымда Мемлекет басшысының жаңа Ұлытау облысын құру туралы жарлығы күшіне енеді. Бүгінгі аппараттық кеңесте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа өңірге баратын әріптестеріне сөз сөйлеп, бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.

– Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Ұлытау, Жаңаарқа өңірлеріндегі әріптестерімізге табыс тілеймін. Бірлесе отырып, иық тіресе талай жұмыс атқардық, осы жылдар ішінде осы өңірлердің тұрғындары үшін өзекті мәселелерді шешуге қол жеткіздік, – деді Жеңіс Қасымбек.

Ол жаңа өңірдің болашағы зор екеніне, өңірдің дамуға серпін беретініне сенім білдірді.

– Сіздер жаңа өмірге қадам басқалы тұрсыздар. Осынау шешуші сәтте сәттілік тілеймін, – деп кеңес берді Жеңіс Қасымбек әріптестеріне.