Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн. Дәрігер, фельдшер, медбике мамандығы әрқашан біздің қоғамдағы ең асыл және маңызды мамандықтардың бірі болып қала бермек.

Пандемия басталғаннан бері дәрігерлер коронавируспен күресіп, адамдардың өмірін жанқиярлықпен сақтап келеді. Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі – жалпыұлттық басымдылық.

Сіздер сынақ кезеңінде өз міндеттеріңізді лайықты, батыл орындадыңыздар және әлі күнге дейін орындап келесіздер. Біздің жүздеген азаматтарымыз аяққа нық тұрып, дертінен айықты. Біз сіздердің кәсіби ерліктеріңізді мақтан тұтамыз.

Осы мереке күні ақ халатты абзал жандарға, медицина саласына еңбек сіңірген қызметкерлеріне, Саран қаласының денсаулық сақтау саласының қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқан барлық адамдарға ерекше алғыс айтамыз.

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер. Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз.