Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Болат Айтмағамбетұлы 1945 жылы 7 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1954 жылы Болат Айтмағамбетұлының әкесі қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалуына байланысты отбасы Саран қаласына көшті. №1 жалпы білім беретін мектепті бітіргеннен кейін Болат Айтмағамбетұлы Қарағанды медициналық институтына оқуға түсіп, оны 1973 жылы сәтті аяқтады. ҚММИ түлегі бола тұра, ол Торғай облысына, Жақсы ауданына бөлінеді, онда 7 жыл бойы бас дәрігер лауазымында аудандық санэпидемстанцияны басқарды.

1980 жылдың 1 наурызынан 1980 жылдың 18 тамызына дейін Қарағанды облыстық санэпидемстанциясының санитариялық дәрігері болып жұмыс істейді.

1980 жылғы 18 тамыздан бастап 30 жыл бойы Саран қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып жұмыс істеді, онда Болат Айтмағамбетұлының белсенді қатысуымен жоғары деңгейдегі халыққа санитариялық-эпидемиологиялық қызмет көрсету жүйесі қалыптасты.

Оның жоғары құзыреттілігінің, ұйымдастырушылық қабілетінің, жұмысқа жауапкершілікпен қарауының, тіл тапқыштығының арқасында Саран қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша ең күрделі міндеттерді шешуге қабілетті санитариялық дәрігерлердің ұйымшыл ұжымы құрылды.

2009 жылы құрметті демалысқа шыққаннан кейін Б.А. Аброев 2015 жылға дейін Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында санитариялық дәрігер лауазымында жұмысын жалғастырды.

Болат Айтмағамбетұлы Аброев  - адалдық, жаңа, озық бастамаларды көре білу және қолдау, тапсырылған іске аса зор жауапкершілікпен қарау сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді.

Белсенді азаматтық ұстанымға ие болған Болат Айтмағанбетұлы туған өлкенің қоғамдық өміріне елеулі үлес қосты. Қала тұрғындарының құрметі мен сенімінің жарқын дәлелі - оның қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып бірнеше рет сайлануы. «Amanat» партиясының белсенді мүшесі.

2016 жылдан бастап қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып табылады. Аталған қоғамдық институтты басқара отырып, Болат Айтмағамбетұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыстарды ұйымдастырды. Болат ағамыздың атсалысуымен Тәуелсіздік жылдарында тамаша табыстарға қол жеткізген көрнекті жерлестер туралы «Табыстың 100 тарихы» жинағы жарық көрді. 

2019 жылы Саран қаласының қоғамдық келісім кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша облыстың 216 Кеңесінің ішінен 3-ші орынды иеленді. Болат Айтмағанбетұлының жұмыс нәтижелері лайықты бағаланып, мемлекет тарапынан атап өтілді.

Болат Айтмағамбетұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалімен», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, қала әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Құрмет белгісімен марапатталған.

А. Карабекова,

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы