Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Республикамызда туберкулез бойынша эпидемиялық жағдай жыл сайын тұрақсыз болып отырғандығын хабарлайды.

Туберкулез – өкпеге әсер ететін қатерлі, жұқпалы ауру, дүниежүзінде өте кең таралған. Аурудың басталуына әлсіреген иммунитет, нашар тамақтану, жүйке немесе физикалық шаршап-шалдығу, қанағаттанарлықсыз санитариялық-гигиеналық өмір сүру жағдайлары ықпал етеді. Бұл аурудың өршуі көктемде және күз айларында болады, осы кезеңдерде туберкулезбен ауыру ықтималдығы жоғары.

Сіз, кез-келген жерде: қоғамдық көлікте, дүкенде - науқас адаммен байланыста болған кезде ауруды жұқтыра аласыз.

Туберкулез микробактериясы науқас түшкірген кезде, жөтелмен ауаға түседі. Қоздырғыш ағзаға енген кезде қабынудың бастапқы ошағы пайда болады, аурудың дамуы дененің қорғаныс жағдайына да байланысты. Инфекция қан ағымымен әртүрлі тіндерге таралады. Науқастар терлеу, әсіресе түнде, жұмыс қабілетінің төмендеуі, тәбеттің болмауы, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, әдетте дене қызуы кешке қарай жиі көтеріледі.

Туберкулезді анықтау үшін кеуде қуысының флюорографиясы жасалады, тері іші және тері астындағы сынақтар қолданылады. Туберкулезді уақытылы анықтауда ең көп таралған сынақ – бұл Манту реакциясы. Жасөспірім кезеңінде біз жыл сайын мектептерде, колледждерде жүз пайыздық флюорографиялық тексеру жүргіземіз. Туберкулезді емдеу әдістерін тек дәрігер анықтап, тағайындай алады. Өзін –өзі емдеуге болмайды.

Туберкулездің алдын алу үшін қандай шаралар қажет?

Алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану, яғни дене шынықтыру, жаттығу жасау, дұрыс тамақтану, туберкулезге жылына кемінде бір рет тексерілу қажет. Жөтелген адамдармен алшақ болу керек. Егер, мүмкіндік болмаған жағдайда бөлмені жиі желдетіп, оны тазарту керек. Егер ауру белгілері пайда болса, дәрігерге тезарада қаралыңыз. Денсаулығыңыз бірқалыпты болса да, жыл сайынғы флюорографиялық тексерістен міндетті түрде өтіңіз. Иммунитетіңізді нығайту керек, ол үшін: көбінесе таза ауада болу, дене шынықтырумен айналысу, толық тамақтану қажет. Бірақ, туберкулезді емдегеннен, оның алдан алған дұрыс болады.

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ