Бүгін: 06.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді еліміздің басты мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан. Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады».

Қазіргі заманғы шындық жағдайында өмір сүре отырып, біз Конституцияда жазылған әрбір әріптің өзіндік құдіреті бар екеніне нық сенімдіміз. Біз достық, ұлтаралық теңдік пен келісім орнаған азат, тәуелсіз және көп ұлтты елде өмір сүріп жатырмыз. Біз бір-біріміздің салт-дәстүрімізді құрметтейміз, ал қарым-қатынас сыйластық, түсіністік пен өзара көмек негізінде құрылады.

Елдің, туған қаланың әл-ауқаты әрқайсымызға байланысты екенін түсіну маңызды. Қоғам өміріне белсенді қатысуымызбен біз көптеген ұрпақтар құрған дүниені сақтап қаламыз.

Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!