Бүгін: 24.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)
  1. Саран қаласы әкімінің «Қыран» жастар сыйлығы (бұдан әрі-сыйлық) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, қаланың жастар қозғалысын дамытуды ынталандыру мақсатында табысталады.
  2. Сыйлық 14 пен 29 жас аралығындағы жас азаматтарға келесі номинациялар бойынша жастар арасында танылған ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін беріледі:
  • «Жылдың жас маманы»;
  • «Жылдың жас спортшысы»;
  • «Отан Қорғаушы»;
  • «Мемлекеттік тіл – болашағым» (өзге ұлт өкілдері үшін);
  • «Жылдың жас таланты»;
  • «Жылдың жас жұмысшысы»;
  • «Жылдың жас кәсіпкері»;
  • «Денсаулық сақтау қызметкері».

 

  1. Ақшалай сыйақының мөлшерін Саран қаласы әкімінің «Қыран» жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия белгілейді.

   Өткен жылдардағы лауреаттарды қайта ұсынуға болмайды. «Қыран» сыйлығына қатысушы тек бір номинацияға үміткер бола алады.

  1. Конкурстық құжаттарды іріктеуді, қабылдауды, сыйлыққа ұсыну туралы талқылауды және шешімдерді қабылдауды Саран қаласы әкімінің «Қыран» жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) жүзеге асырады.
  2. Сыйлыққа ие болған адамдарға «Саран қаласы әкімінің «Қыран» жастар сыйлығының лауреаты» атағы, диплом, ақшалай сыйлық беріледі.
  3. Сыйлық салтанатты түрде табыс етіледі, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының күніне орайластырылады.
  4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

   7.1. үміткерлердің конкурстық құжаттарын қабылдауды және сыйақы алуға ұсынылған портфолионы алдын ала қарауды жүзеге асырады;

   7.2. үміткерлерді іріктейді, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы ұсыныстар енгізеді;

   7.3. сыйлық беру туралы шешім қабылдайды.

  1. Комиссия мүшелері сыйақы алуға ұсынған үміткерлер және олардың конкурстық жұмыстары бойынша:

  8.1. әр кандидатураға сыйақы беру туралы шешім ашық дауыс беру арқылы жеке қабылданады. Кандидатқа сыйақы беру үшін отырысқа қатысқандардың кемінде ¾ дауыс беруі тиіс;

   8.2. әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау мақсатында комиссия мүшелері сыйақыға үміткерлерден қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

  1. Комиссия отырыстары оның құрамының кемінде 2/3 бөлігі болған кезде заңды болып саналады.
  2. Комиссия әрбір номинацияда 3-тен аспайтын номинантты айқындайды, олардың ішінен Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруімен сыйақының лауреаты анықталады. Комиссияның шешімі қала әкіміне бекітуге ұсынылады.
  3. Конкурстық өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар:
  • конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім осы Ережеде көзделген талаптармен және шарттармен конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті қатысушының келісім білдіру нысаны болып табылады, сондай-ақ мөрмен және бірінші басшының қолымен расталған хатпен қоса берілуі тиіс (заңды тұлға үшін);
  • Осы Ережеде көзделген талаптарды бұзған жағдайда, Конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбайды және тіркелмейді.
  1. Қала әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеу критерийлері:

  1) «Жылдың жас маманы» (кәсіби жетістіктері бар азаматтық және мемлекеттік қызметшілер);

  2) «Жылдың жас спортшысы» (жас спортшылар, белсенді қатысушылар, өңірлік, өңіраралық, облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары);

  3) «Отан қорғаушы» (елдің қауіпсіздігін сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысқаны, кәсіби шеберлігі, сонымен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығын құтқару, қайғылы салдардың алдын алу, қылмыс жасауға жол бермеу бойынша іс-әрекеттер жасау және т. б. жеке жетістіктері үшін мадақтаулар мен марапаттары бар әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері);

  4) «Мемлекеттік тіл-болашағым» (мемлекеттік тілді меңгерген, тіл саясатын дамытуға үлес қосқан өзге ұлт өкілдері);

  5) «Жылдың жас таланты» (мәдениет пен өнерді дамытуға үлес қосқан республикалық, халықаралық шығармашылық жарыстарға, конкурстарға, турнирлерге қатысушы);

  6) «Жылдың жас жұмысшысы» (индустриялық (зауыт, фабрика және т. б.), агроөнеркәсіптік (совхоз, құс фабрикасы, шошқа кешені және т. б.), көлік (теміржол, әуеайлақ қызметі және т. б.), энергетикалық (қазандық, электр станциясы), ресурс өндіруші (шахта, карьер және т. б.) немесе құрылыс (оның ішінде өнеркәсіптік құрылыс индустриясы) кәсіпорын жұмысшылары);

7) «Жылдың жас кәсіпкері» (қала өміріне белсенді қатысатын 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер);

8) «Денсаулық сақтау қызметкері» (денсаулық сақтау саласына үлес қосқан кәсіби жетістіктері бар қызметкерлер).

 

 

 

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
  • резюме;
  • мемлекеттік органдардан және/немесе мекемелерден, қазақстандық және/немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдардан, бизнес-құрылымдардан, басқа ұйымдардан үміткердің атына ұсыным хаттар;
  • 6 фотосурет: 2-стандартты, құжат үшін (3х4), 2 – «жұмыста», 2 – «бос уақытта», фотосуреттер баспа және электронды түрде, JPEG форматында ұсынылуы тиіс;
  • «Неге мен «Қыран» сыйлығына лайықпын» тақырыбында эссе. Көлемі-MS Word-та 1 беттен аспайтын баспа мәтіні, Times New Roman шрифті, кегль 14, интервал 1, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде («Мемлекеттік тіл – болашағым» номинациясы үшін - мемлекеттік тілде);
  • 2020-2022 жж. кезеңінде сіңірген еңбегін растайтын құжаттар (грамоталардың, дипломдардың, сертификаттардың, лицензиялардың, патенттердің көшірмелері, CD, DVD цифрлық форматтағы бейне және фотоматериалдар; баспа, телевизиялық және электрондық БАҚ материалдары (газеттерден, журналдардан мақалалардың, жазбалардың үзінділері (немесе олардың көшірмелері); электрондық БАҚ-қа сілтемелер);
  • Дыбыстық бейнеролик түрінде өзіңіз туралы презентация (ұзақтығы - 3 минуттан аспауы тиіс).

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 15 қазанына дейін «Саран қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ, Жамбыл көшесі, 85 а мекенжайы бойынша қабылданады. Анықтама телефоны: 57435, 87016466444 (сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін).