Бүгін: 24.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау туралы» 21.09.2022 жылғы Жарлығына сəйкес «Саран газеті» газетінің редакциясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға арналған баспа көлемін жəне төлем мөлшерін жариялау шарттары мен тəртібі туралы хабарлайды.

Мемлекет кандидаттарға мерзімді баспа басылымдарында 0,1 газет бетінен аспайтын көлемде екі мақала жариялануына бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді (немесе 540 шаршы см). Орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу уақыты бойынша немесе өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе тастау арқылы белгіленеді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіт материалдарының шығу құны қолданыстағы заңға сəйкес Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорының қаражатынан немесе өз қаражатынан төлеу арқылы жүзеге асырады. «Саран газеті» газетінде орналастыру 1 шаршы см - 65 теңге. Кандидаттарға баспа бетінен орын беру үшін Президенттікке кандидаттарды тіркеу туралы Орталық сайлау комиссиясының шешімі жəне шығуын жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына жазбаша өтініші негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті мазмұндалған барлық жарияланымдары қаржыландырудың көздері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.