Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

19 ҚАЗАН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ. 1995 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН ХАЛЫҚҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕДІ.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған еді. Адамдарды, қоғамды апаттық жағдайдан құтқару жұмыстарын көбіне қоғамдық ұйымдар, құтқару бекеттері атқарып келді. Бұл қызметтің бір бөлігі милицияға жүктелді.

Міне, осындай мемлекеттік маңызы бар қызмет жүйесін жасау үшін 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді.

Бүгінде қоғам түрлі қауіп-қатерге толы. Сол себепті де еліміз үшін қауіпсіздік бас­ты мәселе ретінде белгіленген. Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар көбейіп кетті. Мәселен қыс айларында боран, өрт оқиғалары жиі тіркелетін болса, көктем шыға қар суының еруінен су тасқыны жиі орын алып жатады, ал жазда дала өрті көп тіркелуде. қауіп-қатерді болдырмау мақсатында Президент қ.тоқаевтың тапсырмасымен елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдар жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама дайындалып, жаңа министрлік те құрылған болатын.

Иә, төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді. Сол үшін де құтқарушылар қажетті құрал-жабдықтармен барынша жарақтандырылуы тиіс.

Құтқарушылар азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резерв қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, апаттық құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

ҚР «Азаматтық қорғау» заңы бойынша іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын алдын алуға және жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Иә, құтқарушылардың жұмысы өз өміріне қауіпті болып келеді. Дегенмен олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу.

Әр өңірдегі департтаменттерге қарасты бөлімдерде жедел құтқару жасағы, өрт сөндіру, апаттық медицина, судан құтқару секілді бірнеше құрылым бар. Құтқарушыларға физикалық жағынан мықты әрі кәсіби маман болу жеткіліксіз. Өйткені, олардың тынымсыз қызметінде апат, зілзала, өрттен бөлек түрлі жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетуге де тура келеді.

Бүгінде құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын  үнемі жетілдіріп отырады.

Құтқарушылар күні қарсаңында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов аумақтық бөлімшелерді аралаған болатын. Сапар барысында Мұрат Қасенұлы Саран қаласы өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімшелеріне арнайы ат басын бұрған болатын.

Бөлімшелердің тыныс-тіршілігімен танысқан Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қасенұлы, ондағы қызмет көрсететін техникалар мен жабдықтарды қарап шығып, жеке құраммен де кездесті.

Жиында облыстық Төтенше жағдайлар департемінтінің басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауының негізгі тұстарын түсіндіріп, алдағы президенттік сайлау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Мұрат Қасенұлы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру және әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді жақсарту мәселесімен де айналысып жатқандығын атап өтті.

Бұдан бөлек кездесу барысында бөлімшелердің басшылары Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпановқа ағымдағы жылдың 9 айы ішіндегі атқарылған іс-шаралардың қорытындысы туралы баяндады.

Құтқарушылардың жұмысы өте күрделі, көп қырлы және теориялық білім базасы мен әрі нақты жағдайда жақсы танымал тәжірибелік әрекеттерді білуден тұратын кәсіби деңгейдің жоғары дәрежесін талап етеді. Сонымен қатар, бұл жұмыс аса қауіпті. Себебі, құтқарушы кәсіби борышын өтегенде өліммен бет­пе-бет қалатын сәттері көп болады. Көптеген құт­қарушылардың зардап шеккен басқа адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірлерін де қиюға дейін баратынын ұмытпауымыз керек. Адамның қауіпсіздігі – құтқарушының басты ұстанымы. Ал оның айна­ласындағы қауіпсіз ортаны құру мен оны ұстауға, адамның төтенше жағдайдан шығуына өз өмірлерін арнаған батыл адамдар – құтқарушылар.

Осы орайда Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Құтқарушылар күні қарсаңында жеке құрамды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерді ведомстволық «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастықтарының алғыс хаттарымен марапаттады.

Атап айтқанда, «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Л.Ж. Алпысбаева, 24 ӨБ бастығы М.Т.Искаков, 24 ӨБ бастығы орынбасары А.Е. Бексеитов, 24 ӨБ бастығы М.Т.Искаков, 24 ӨБ бастығы орынбасары Е.А.Дымнич, 24 ӨБ қарауыл басшысы Н.Б.Туспбаев, 24 ӨБ бөлімше командирі М.К. Абдрахманов, 24 ӨБ аға өрт сөндірушісі М.А. Ашимханов, 24 ӨБ жүргізуші қызметкері Д.Е. Толеубеков, марапатталса, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хаттарымен 24 ӨБ бөлімше командирлері А.В. Каташев пен С.У. Жагипаров, ал Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының алғыс хатымен 24 ӨБ жүргізуші қызметкерлері А.В. Антипов пен Е.С. Нургабдеш марапатталды.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген Камила ОСПАНОВА