Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАМАНЫ ЖОҚ. ӘРКІМ ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ БОЛА БІЛСЕ, АБАЙ АЙТҚАНДАЙ, ӨМІРГЕ КЕТІГІН ТАУЫП ҚАЛАНАТЫНЫ КӘМІЛ.

Өткен аптада Саран қаласының Мәдениетүйінде қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Шебердің қолы ортақ» атты дәстүрлі аймақтық жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті. Атамыш фестиваль биыл осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат аспаз, дәнекерлеуші сынды қарапайым жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біздің қоғамымыз еңбек құндылықтарын қабылдауды өзгертуі, жас ұрпақты еңбекті бағалауға үйретуі, оны беделді және беделді емес деп бөлмеуі тиіс», - деп атап өткен болатын. Жыл сайын республикада кәсіптік техникалық білім берудің беделі де артып келеді.

Себебі, кәсіптік білім – жастарға сапалы білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймай, жеке тұлғаны қалыптастыруға да септігін тигізеді. Қуанарлығы, қазіргі жастар бұрынғыдай қоғамда жетіп артылатын экономист немесе заңгердің дипломын алып, жұмыссыз жүргеннен гөрі, кәсіптік және техникалық білімді саналы түрде таңдап, еңбек нарығына қажетті маман атануды жөн көреді.

Бұған біз іс-шара барысында көз жеткіздік. Сесебі фестиваль өткен күні Саран қаласының мәдениет үйінде ине шаншар орын болған жоқ. Мәдениет үйінің екінші қабаттағы фойесінде әр колледж студенттері өздерінің еңбек-жұмыстарын қойып, көрме ұйымдастырыпты.

Аймақтық фестивальге Қарағанды өңіріне қарасты қала аудандардың 11 колледждерінің студенттері ат терлетіп келген екен. Атап айтатын болса, олар - Абай көпсалалы колледжі, Балқаш қаласы Қазақмыс корпорациясының политехникалық колледжі, Қарағанды агротехникалық колледжі, Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі, Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі, Қарағанды теміржол колледжі, Қарағанды технология және сервис колледжі, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі, Саран техникалық колледжі, Теміртау техникалық колледжі, Шахтинск технологиялық колледжі бар.

Осы он бір колледждің әрқайсынан кемі төрт-бес, он шақтыдан студенттер шығып, мамандықтарына байланысты шағын-шағын көріністер қойды. Айтпақшы, көрініс демекші, фестивальдің биылғы жылғы ерекшелігі сол, әр колледждің студенттері сахнада өз мамандықтары бойынша мастер-кластар мен презентациялар көрсетті.

«Фестиваліміздің негізгі мақсаты – атауы айтып тұрғандай, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруды көздейді. Яғни, мектеп қабырғасынан енді ғана түлеп ұшайын деп отырған жастарға жұмысшы мамандықтарын әртүрлі қырынан танытып, сол арқылы олардың кәсіптік және техникалық білім мен қарапайым еңбек адамына деген қызығушылықтарын арттыруды көздеп отырмыз. Оның үстіне аталмыш фестивальдің Еңбек күніне орайластырылып отырған жайы бар.

Тағы бір айта кетерлігі, биылғы жылы қатысушылар сахнада өз оқу орындары мен мамандықтары жайлы бейнероликтер мен презентациялар көрсетеді. Сонымен қатар, олар қысқа уақыт аралығында сахна төрінде кішігірім мастер-класстар өткізеді. Мәселен, аспаз мамандығының өкілдері сахна төрінде тағам дайындауды көрсетсе, шаштараздар шаш үлгісін жасайды дегендей. Биылғы фестиваліміздің ерекшілігі де осы шеберлік сыныптарында деп айтуға болады», - дейді Саран қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Сәнді Далабайқызы.

Өңіріміздегі кәсіптік және білім берудің мазмұнын толық жаңғырту мақсатында қыруар шаралар атқарылып келеді.соның бір ғана көрінісі – осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған «Шебердің қолы ортақ» атты дәстүрлі аймақтық жұмысшы мамандықтар фестивалі.

«Саран техникалық колледжі Саран қаласы жастар ресрурстық орталығы ұйымдастырып жүрген жатқан аталмыш жұмысшы мамандықтар фестиваліне жыл сайын қатысып келеді. Былтырғы фестивальде біз «Тігін өндірісі және киім модельдеу» мамандығын ұсынған болсмақ, биыл «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша шеберлік сыныбын көрсететін боламыз», - дейді Саран техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдана Битуова.

Азаматтарды жастай еңбекке баулу, жұмысшы жастар тобын жасақтау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. «Адамды адам еткен – еңбек» дегенді ескерсек, еліңнің азаматы болу үшін әуелі адам болу керексің. Ал, бойдағы артық міннен арылтып, адамдыққа тәрбиелейтін – осы еңбек. Сондықтан, Саран қаласының жастар ресурстық орталығының тоғыз жыл қатиыран үсбей жалғастырып келе жатқн бұл дүниесі қоғамдық тұрғыдан да, адамдық тұрғыдан да құптарлық іс.

«Біз «Сұрыптау» бекетінен келіп отырмыз. Жалпы Қарағанды теміржол колледжі бұл фестивальге жыл сайын қатысып жүрген жайы бар. Бүгін біздің студенттер фестивальге өздерімен бірге Гоша есімді қуыршақ пен виртуалды шындық һәм 3D көзілдірігін алып келіп отыр. Барлық қатысушылар біздің көрмеге келіп, тамашалап жатыр. Қызығушылық танытып жатыр көпшілігі.

Айта кетейі, былтыр «Жас маман» жобасы аясында колледжімізге қомақты сомада қаражат бірлген болатын. Ондағы мақсат – барлық жұмысшы мамандықтар бойынша студенттер тәжірибелік жүзінде жұмыс жасау үшін жаңа құрылғылармен қамтамасыз ету болатын. Сол бойынша студенттер тәжірибелік жұмыстардан өтеді. Яғни, депоға немесе станцияға бармастан бұрын, олар колледж қабырғасында лабороториялық және тәжірибелік жұмыстардан өтеді. Мына сіздер көріп отырған 3D көзілдірігі және тағы да басқа заттар сол былтыр бөліген қаржы аясында алынған замануи құрылғылар», - дейді Қарағанды теміржол колледжінің өндірістік оқыту шебері Индира Төлеуханова.

Аймақтық фестивальдің әсіресе жігерлі жастарға берері зор. Өмірде өзіндік таңдауын жаңылыспай жасаған түрлі мамандық иелері сахнаның сәнін келтіріп, кештің көркін қыздырды. Патша пейіл көрерменнің көңілін тасытты. Ал көрерменнің дені – күі ертең студент атанатын бүгінгі оқушы һәм ел дамуы жолында ерен еңбек ет ертеңгі болашақ жас маман.

Фестивальге қатысқан облысымыздағы 11 жоғары оқу орындарының студенттері бойында бұла намысы бұлқынған бозбала мен бойжеткендер. Әрқайсысының да бағындырған белестері де аз емес.

Дегенмен де  күректей дипломы бар, дайын кадрлар арасында күрмеулі мәселелер де жоқ емес. Өкініштісі аймақта жоғары оқу орнын тәмәмдеп, жұмысқа орналаса алмай  жүрген жастар да бар. Тіпті он бір жылдық мектепті аяқтаған түлектердің кейбірі қандай мамандықты таңдайтынын да білмей  жататыны да кездесіп жатады. Оның себебі біреу – айлық мәселесі.

Кеңестік кезді көксеп отырғанымыз жоқ, бірақ, сол шақта жұмысшылардың жалақысы инженерлермен салыстырғанда анағұрлым көп еді. Мемлекеттік марапаттың дені де соларға тиесілі болатын. Тұрмыстық жағдайлары да жасалатын. Қазір ше? Ағаш шебері мен слесарьдың аз ғана айлығы, бейнелеп айтқанда, басына тартса, аяғына жетпейді. Сонда мұндай жұмысқа кімді желкелеп апарасың?

Рас, бүгінгі жұмысшылар күрек пен сүйменді ұстамайды. Олар – заманауи талаптарға жауап беретін тың технология иелері. Десекте, әр жұмысқа төленетін  жалақынының да заман талабына сай болуы шарт деп есептейміз.

Салтанатты шарада сөз алған Саран қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Сәнді Далабайқызы өрелі өрендердің  туған елімізді  өркендетуге қосып жатқан сүбелі үлестерін де ерекше екшеледі.

Фестиваль соңында белсенді жастарға қала әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар тарту етілді.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген Камила ОСПАНОВА