Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ ҚАЗАН АЙЫНЫҢ 13-21 АРАЛЫҒЫНДА ШАҺАРДАҒЫ БАЛАБАҚШАЛАР ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ» ӨТТІ.

Аталмыш шара қазақтың ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын бүлдіршіндердің бойына сіңіре отырып, болашақ ұрпақтың білімді, өнерлі, өнегелі болып өсуіне, қолөнер мен би өнерін көрсете отырып, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, бойындағы бар қасиеттерді одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Қарашаның 13 мен 21 жұлдыздапры аралығында өткен іс-шараға күн сайын «Малыш», «Сәуле», «Колокольчик», «Березка», «Балғын», «Колобок», «Бахыт» балабақшаларының тәрбиеленушілері экскурсия жасап, өнер мектебінің шығармашылық өмірімен танысты.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлайған өнер мектебінің ұжымы осы бағытта тыңбай етіп келе жатқан жайылары бар.

Қазіргі кезде егеменді елімізде жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы өнер мектептеріне балабақша тәрбиеленушілерін шақырып, өнерлі ұстаздардың өнерін бойларына сіңірту керек деп ойлаймыз дейді ұйымдастырушылар.

Бүгінгі таңда өнер мектебінің көркем-сурет бөлімінде Филатова В.Ю., Бейсекеева С.А., Солодкова С.А., Хванцева Т.М., Сүлейменова Г.Ш., Савельева Я.В. сынды сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлерін қаншама жылдар бойы жас ұрпаққа дәріптеп, насихаттар жүрген білікті ұстаздар жұмыс жасайды. Іс-шара барысында халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлерін шебер меңгерген оқытушылар балабақша тәрбиеленушілерінің назарына «Республика күні» тақырыбына арнап салған көптеген суреттерін, ермексаздан жасаған мүсіндерін, киізден басқан ою-өрнектерін ұсынса керек-ті. Өз кезегінде балабақшалардан келген бүлдіршіндер мамандардың жұмыстарын қызықтап қана қоймай, олармен бірлесіп өз туындыларын жасауға да тырысқан көрінеді.

Одан бөлек қазақта би өнері де бар емес пе. Би өнері сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғаны айқын. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен өнер мектептерімен жалғасып отыр. Бір апталық уақытқа созылған іс-шара барысында Прадан Л.Н., Попова М.В., Санархан А. сынды хореография бөлімінің тәжірибелі ұстаздары өз шеберліктерін ортаға салып, сонысымен балабақша тәрбиеленушілерінің көңілдерінен шықса керек-ті. Сонымен қатар, олар бүлдіршіндерге қазақ биінің ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі екендігін айта отырып, оның арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысы екендігін би арқылы жеткізуге тырысқан екен. Ал бүлдіршіндер болса, осының бәрі кез келген бидің құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып жататынына көз жеткізгендей әсер алды дейді балабақша тәрбиешілері.

Иә, біз - қазақ қашаннан да ат жалын тартып мініп, ұлттық дәстүрімізді мейілінше қастарлеп, еліміз бен жеріміздің тыныштығын берік сақтап келген халықпыз. Біздегі адами өсімнің ең ошағы бұл - бала. Ал әр ата-ана өз баласының рухани білімді, өнерлі, ел қатарлы болуын қалайды. Жаман әдеттерден аулақ болуын әдетте есте сақтап жүреді. Ал, уақыты бос бала жамандыққа тез әуес болуы мүмкін. Өйткені, ол бала жағымды ауеннен әдеміліктен хабарсыз болады. Балаға рухани, адамгершілік, білім беретін бұл арнайы ашылған орталар. Осы арқыла да кешегі бала бүгінгі білікті азаматқа айналары хақ.

Өнер додаларында баланың алған жеңісі бәйгерелде топ жарған ездегі қуанышы, осының бәрі рухани капиталдың үлкен жетістіктеріне айналары сөзсіз. Осындай үнемі дайындық үстынде жүретін баланы жаманшылық істеп, жаман нәрсеге әуес болудан ары болады. Қазақта «өнерлі өрге жүзеді»- деген мәтелдің негізі осында жатса керек.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ