Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Адам күні адаммен, жалғыз жер- ана көтерер, Адам заңы татулық,көк аспан мен көгерер - деген ой пікірмен бастасам, бүкіл елге, бүкіл ұлтқа татулық, бірлік нышаны атты тілекпен бейбітшілік өмірге ,әр жер бетіндегі адамзатты үндеуге, біріктіруге, бірлікке шақырамын десекте болар. Сондықтан қазіргі тарихымызға үңілсек өте қыйын жағдайда тұрғанымыз мәлім.

Ал  бейбітшілікте өмір сүру татулық, бірлік, ұстамдылық, мәдениеттілік, имандылық ,инабаттылық, салмақтылық, патриоттылық, төзімділік, мейірімділік, қайырымдылықты бойымызда сақтау. Осындай үлкен ғалам шарда бейбітшілікпен келісімде өмір сүру үшін әр адам бірінші өзінен бастау керек.Шаңырағымыз берік,тұғырымыз биік болсын десек,жеріміз бір,аспанымыз бір деген ой қалыптастырған дұрыс болар еді,бір Отаным,бір елім деп  қана емес. Қазақстанда 1992 жылдың 18 қазанында ресми түрде «Рухани келісім» күні болып бекітілді.Қазақстан деген шаңыраққа тоғысқан көп ұлтты халықтардың арасында  ауызбіршілік , дініне деген тіліне деген сыйластық орнаған. Ұлтаралық қақтығыстарға жол жоқ.  Әрине 18 қазан Рухани келісім күні болып аталғанмен жүрекпен сезіне орындап жүрмізбе? 

Жаңа кезендегі  білім берудің өзекті  мәселелерінің   бірі ,жас ұрпаққа  рухани  тәрбие  беру. Рухани  тәрбие , ол адамзат баласының бойында  болуға  тиісті  ұғым.Келер болашағымыз жастардың қолында екенін ұмытпауымыз керек.Жастарымыздың тәрбиелі инаббатты болуына быздер аға буын жете назар аударып ,балаларымыздың дұрыс жолдан таймауына септігімізді тигізіп,дұрыс бағыт бағдар беріп отырсақ, болашағымыздың жақсы болатынына кепіл бола алар едік.Ендеше балаларымызға бір- біріміздің салт дәстүрімізді,дінімізді менталитеттерімізді сыйлауды үйретейік. Біздің №3 кітапхана бөлімшесінде рухани білімділікті арттыратын ,татулыққа, достыққа,сыйластыққа шақыратын кітаптар жиынтығы бар.Жастар кітап оқымайды деп кінәләмай өзімізден бастайық.Кітапхана есігін ашатын орта буын некен- саяқ. Ата- анасы кітап оқып үлгі корсетсе, бала  бұлда бір рухани азық екеніне көз жеткізе алады.Кітапханаларымызда қай салаға болсада керекті кітаптар тұнып тұр,жаңа үлгілеріде, керек десеңіздер ескіше үлгілері де бар  Қыздарымыз қылықты,ұлдарымыздың ұлықты болсын .

А. Мусина,

 №3кітапхана бөлімшесінің  кітапханашысы