Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ұлттық санаға серпіліс әкеліп, алаштың өзін-өзі тануға жол ашты. Әсіресе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындардың бірыңғай картасын жасауға септесті. Кейде адам өмірінің мәнін арттырып, жанын шабыттандыратын тамаша сәттер болады.

Соның бірі мен үшін биылғы күзде орын алды. 5-7 қазан күндері Семей мұғалімдер семинариясының түлегі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, қазақ әдеьиетінің классигі М.О Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы  аясында “Әуезов әлемі” атты танымдық шығармашылық фестиваль өтті.  Қарағанды облысы Саран қаласы 100 жылдық тарихы бар Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі Касимова Б.С, Муфталова А.Қ  жетекшілігмен “Сөз құдіреті”мәнерлеп оқу байқауына қатысып “Алғыс хатпен“ марапатталдым. Бұл байқау мен үшін үлкен тәжірибе. Келесі үш күндік саяхат керемет қызыққа толы өткенін тілмен айтып жеткізе алар емеспін.

Ақпараттық технологияның дамуы бізді бүкіл әлеммен байланыстырып, өркениетті елдердің озық тәжірибесімен танысуға жол ашты. Осындай сәтте санамызға рухани серпіліс ауадай қажет екенін ұғынып, ұлттық әдебиетті классикалық деңгейге жеткізіп, әлемдік дәрежеге көтерген тұлғаларымызды ұлықтап, олардың жақұттай асыл мұраларын жас ұрпаққа насихаттауды ешқашан тоқтатпауымыз керек. Міне, осы бағытта белгілі М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Жанаева Шагангул Алдамжаровнаның ұйымдастыруымен биылғы қазан айында ұлы Абайдың туған жеріне экскурсиялық сапармен Сыр елінен бір топ ұстаз шәкірттермен бірге барып, Шыңғыстаудың үш шыңы атанған ұлылар мекеніне тағзым етіп қайттық.

Абай елін көру кім-кімнің де арманы. Мен де көптен көздеген мақсатыма жетіп, айбыны асқақ алыптар мекені – Шыңғыстау бауырындағы қойнауы құтты қарт Семейге табаным тиді. Семейге саяхатқа барамыз десек: «…ол жақтан не көрем деп бара жатсыңдар..?» – деп таңқалды бір жолаушы. «Онда Абай бар емес пе?» – дедік біз де жұлып алғандай, құдды атамыз алдымыздан күтіп тұрғандай.

Расында Семей десе, көпшіліктің көз алдына жарылыстан азып-тозған, сары дала елестейді. Бұл да заңдылық. Ұлы Абайдың елі неше жыл сынақ алаңына айналғаны өтірік емес. Алайда бұдан бұрын ол жер Шыңғыстаудың үш шыңы атанған Алаш алыптарының алтын бесігі емес пе еді?!

Экскурсия бойы мен жер дүниені сілкінткен атом сынағы тірілер түгілі өлілердің де сүйегіне маза бермегенін еске алдым. Иә, мен үшін Семей жарылыс алаңы емес, ұлы руханиятымыз тамыр жайған, алып тұлғалардың кіндік қаны тамған алтын бесік. Кәрі Шыңғыста дүниеге келіп, күллі қазаққа ортақ ұлы Абайды балалықтан даналыққа жетелеп, өлмес ғұмыр сыйлаған, талбесігі мен жербесігі де сол арадан бұйырған киелі топыраққа шын ниетіммен тағзым еттім. Ұлы Абайдың қалың елі қазағы үшін қайғырып, мыңмен жалғыз алысып, бүкіл саналы өмірін өткізген қасиетті өңірдің әрбір құба белі, жазира даласы, Шыңғыстаудың шың-құзы сырға тұнып тұрғандай. Бірі Абайдың балалық шағын жыр етсе, бірі оның ғашықтық хикаяттарынан сыр шертеді, енді бірі ақынның сыршыл, ойшыл өлеңдерін жеткізеді. Бәрін жүрегіммен тыңдап, тереңіне үңілдім. Осы сапарда Абайдың қайғысы мен қуанышын, сыры мен мұңын, Абай трагедиясын жан-жүрегіммен сезініп қайтқандай болдым. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын қайта оқып, тереңіне әлде де бойлай түстім. Ел мен жердің әңгімесін қайта тұшынып ұғу қажеттігін түсіндім.

Семейдегі Абай музейінен басталған сапар Жидебайда жалғасын тапты. Жолай Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасының бас кейіпкері Ғазизаның бейітіне, қос ғашық Еңлік-Кебек ескерткішіне ат басын бұрдық. Жидебайдағы Абайдың мемориалдық әдеби-тарихи музейін тамашалап, Кеңгірбай би кесенесіне аялдадық. Кеңгірбай қос ұлы және бәйбішесімен бірге бір мазардан орын алған екен. Ақынның сүйікті әжесі Зере мен анасы Ұлжан, ағасы Құдайбердімен, Абай жақсы көретін інісі Оспанмен, Шәкәрім ұлы Ахатпен бірге мәңгілік жер бесігінде тербелуде. Ұлы бабалар мен аналардың рухына тағзым етіп, құран бағыштадық. Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мемлекеттік мемориалдық әдеби-тарихи музейін аралап, Абайды әлемге танытқан заңғар жазушыны да назардан тыс қалдырмадық. Бізді Абай әлемімен жақындастырып, оның өмір сүрген заманындағы тарихи оқиғалармен, дәуір келбетімен таныстырып, шебер суреттеп жеткізген. Және бір байқағаным Семейдегі Абайдың мемлекеттік мәдени-тарихи музейінің директоры Мұрат Оспанов, Алаш арыстары, Мұхтар музейінің басшылары мен қызметкерлері, М.О Әуезов атындағы педагогикалық колледж мұғалім , студенттері барлығы дерлік патриот. Халқының, тарихының өнегелі жолдарын білу, өз елінің  қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне бас ию, оларға сай болу патриотизмнің, патриот болудың басты міндеттері.Сіздерді лайым Алла ақ жолынан адас­тырмай, қасиетті бабалар рухы қолдасын дейміз.

Қазақ даласының қай жері болмасын тарихқа бай, шежіре сырға толы. Семейге экскурсияға барғанда, тағы бір қайран қалдырған кереметің бірі – қонақжайлылғы , қай жерге тоқтасақ та  болмасын ақ дастарханы жайылып күтуі және халқы құдды бір туысымдай болып кетті

Мен бұл сапардан жүрегіме көп нәрсе түйдім. Халқының, тарихының өнегелі жолдарын білу, өз елінің  қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне бас ию, оларға сай болу патриотизмнің, патриот болудың басты міндеттері болған қарт Семей қазақ руханиятының тамырын тереңге бойлатқан қазыналы өлке. Сондағы Абай жаққан жарық сәуле күллі қазақтың жүрегіне нұр болып құйылып, ұлы дала елінің көркейіп, өркендеуіне нәр беріп тұрғандай.. Сапарымыз соңына келіп қоштасатын сәтте келді. Көзімізге ыстық жас келді. 3 күн 3 сағаттай зу ете шықты. Қимастық басым….. бір бірімізге бауыр басып қалдық . Туысқандай болып кеткен жандармен  қоштасу оңайға соқпады.Ұлылар туған өлкеге жасаған саяхатымыз сәтті аяқталып, мол рухани біліммен қанаттанып қайттық

А. Кәдірбаева,

Абай Құнанбаев атындағы СЖГТК ҚТӘ-9-21

тобының студенті