Бүгін: 07.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Еліміздің  тәуелсіздік   алуымен   бірге  қазақ  тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақ тіліміз  дамып, оның  қоғамдық  маңызы арта түсті. Мемлекеттік тіл  мемлекеттің бүкіл  аумағында, қоғамдық  қатынастардың   барлық  салаларында  қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық   іс – қағаздары  мен  құжаттар  мемлекеттік  тілде  болуы тиіс. Өйткені, өркениетке   құлаш   ұратын  елдің өрісі  қашанда  білікті де, саналы  ұрпақпен  кеңеймек. 

Бүгінгідей ел болып еңсе көтерген тұста ана – тіліміздің қадір – қасиетін арттырып, мемлекеттік  тіліміздің   мәртебесін  көтеру  маңызды мәселе. Бұл бағытта  қазіргі  таңда  жер – жерлерде   арнайы  шаралар   ұйымдастырылып, барша   жұртты қазақ  тілімен  қауыштыру  жүріп  жатыр.

Осыған орай, Саран   қаласының   полиция  бөлімінде  де  іс қағаздарын мемлекеттік  тілде  жүргізу  мәселесіне  қазіргі  уақытта  аса  көңіл  бөлінуде. Қызметкерлерге  қалалық   Тілдер  басқармасының   әдіскерлері мемлекеттік тілді  оқып – үйрену  бойынша курстар   ұйымдастырған.  Полиция   бөліміндегі  барлық   іс қағаздарын  жүргізу, шығыс  және  кіріс құжаттары, жедел   және  аппараттық   кеңестердің   хаттамалары,   Қазақстан  Республикасының  ІІМ, полиция департаменті  және  басқа да   мемлекеттік мекемелермен  хат  алмасу  тек  мемлекеттік тілде жүргізілуде.  Олай   болса,  жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл демекші, ана сүтімен дарыған   ана   тілімізді  құрметтеп, оның дәрежесін биікке көтеру, рухани  азығымыз – ана тілімізге  ықтиятпен  көңіл бөліп, оның  өрісін кеңейтуге   барлығымыз  ат салысайық. Мемлекеттік  тіл  саяси  тұрақтылық   пен  Қазақстанның  өсіп – өркендеп, бірлігі  мен  ынтымағы жарасқан   елдігіміз  бен теңдігіміздің  қайнар көзі, кемелді  келешегіміздің   ұйытқысы   екенін ұмытпайық.  Өскелең   ұрпаққа тәлім – тәрбие беруде,  ана тіліміздің  қадір – қасиеті мен құндылығын  терең түсіндіру  арқылы,   ұрпақтың  Отанға  деген сүйіспеншілігін  арттыру,  әр ата – ананың ел алдындағы азаматтық борышы! Олай болса, өзіміз   болып  ат салыспасақ,  басқаның  бізге жаны ашымайды.

Демек, болашағымыз жарқын, мемлекетіміздің тұғыры биік болуы, сіз бен бізге байланысты.

Ж.Джумашева,

 Саран  қаласы  ПБ