Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ БОЛҒАН АРДАҚТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ТУҒАН АЙЫ – МӘУЛІТ АЙЫ ДА КЕЛІП ЖЕТТІ.

Бұл айда мешіттерімізде Аллаға мадақ, Алла Елшісіне салауат айтылып, халық амандығы үшін дұғалар жасалуда. Сондықтан бұл aй бүкіл eл болып aтaп өтугe әбден лaйық.

Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Қиямет күнгі шапағатшымыз, адамзаттың ұлығы болған сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дара жолын халқымызға насихаттап, Мәуліт мерекесін атап өту дәстүрге айналғаны белгілі.

Осы дәстүрге сәйкес қараша айының 14 жұлдызында Саран қалалық орталық мешітінде мәуліт мерекеленген болатын. Саран шаһарында өткен мәуліт кешіне облыс имамы Естай Айтуғанұлы қатысып, жамағатқа Пайғамбарымыздың өмірінен уағыз-насихат айтты.

Бұдан бөлек, рухани мерекеге Саран қалалық мәслихатының хатшысы Өміржан Баймағамбетов, Қарағанды облысы орталық мешітінің наиб имамдары Хумар Қоныскерей мен Дархан Асылтайұлы, Балақажы мешітінің бас имамы Махмуд қажы Нұрұлы, Теміртау қалалық мешітінің наиб имамы Алимбек Мирзоев, Қарағанды қаласы «Қазыбек би» мешітінің бас имамы Ысқақ Рахымбекұлы, Абай қаласының бас имамы Асылхан Түсіпбеков, Доскей ауылының бас имамы Ардақ Тукитаев қатысты.

130 адамға ас берілген мәуліт кешінде Саран қалалық мәслихатының хатшысы Өміржан Зейнешұлы мен Саран қалалық мешітінің бас иамы Мұхамедқали қажы Сапарғалиұлы құттықтау сөздерін айтты. Сонымен қатар, Мұстафин Серік аға мен Мұсабеков Адамжан ағалар қала ақсақалдарының атынан сөз сөйлеп, жамағатты мүбәрак мәуліт айымен құттықтады. Соңыра мәліт оқылып, адамзаттың асыл тәжі һәм ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылды.

Мешіт ұжымының ұйымдастыруымен сұрақ-жауап түріндегі қызықты ойындар жүргізіліп, дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Ал мәулітке келген барлық жамағатқа Саран қалалық орталық мешітінің атынан тәсбі таратылды.

Мереке соңында метіміздің молласы Сайлау ақсақал «Келесі жылғы мәуліт мерекесінде аман есен жүздесуге Жаратушы Алла нәсіп етсін, еліміз тыныш, халқымыз бірлікте,ұрпағымыз аман болып Саранымыз көркейе берсін», - деп бұқара халыққа батасын берді.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ