Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты.


Спикер өз даусын Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді.

– Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер өте көп келеді деп ойлаймын. Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім, – деді Е.Қошанов.

Айта кетейік, бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.