Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Баршаларыңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Наурыз – көктемнің белгісі, ал 1 наурыз – сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ізгіліктің мерекесі, Наурыз мейрамы аталып өтілетін шуақты айдың басы.

Сонымен қатар, Қазақстан халқының Ассамблеясының құрылған күні де осы көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келеді. Бұл құрылымның әрбір этнос пен барша қазақ халқының болашағы үшін алар орны ерекше.

Біз бір-біріміздің тілімізді, әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді  құрметтеу арқылы ғана бүкіл әлемге толеранттылық пен өзара түсіністіктің нақты үлгісін көрсетеміз. Ал бірлік пен ынтымақ – біздің басты құндылықтарымыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды».

Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде алға өрлеуге зор ықпал етуде.

Алғыс айту күні – қайырымдылық, қоғамдық ынтымақтастық және өзара қолдау дәстүрлері күні. Осы мерекеде әр сала мен кәсіпте адал еңбек етіп, азаматтық және еңбек ерліктерін жасап, еліміздің дамуына, әсіресе соңғы жылдары үлес қосып, түрлі оқиғалар кезінде белсенділік танытып, азаматтық танытқан жандарға алғыс айтамыз.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Құрметті жерлестер!

Отбасыларыңызға денсаулық пен амандық тілейміз! Біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда-бейбітшілік пен байлық, қуаныш пен бақыт өркендей берсін!