Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстандағы жастар және дін

Дін ұстай алсаң – қасиетің,

ұстай алмасаң – қасіретің

Мырзатай Жолдасбеков

Білімді жастар ұлттың бүгіні мен келешегі екені даусыз. Тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңіре білген ұрпақ  ел тұтқасын ұстайтыны айтпаса да белгілі. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі жастардың білімі мен білігі, тәрбиесі мен дүниетанымы қалай қалыптасып жатқанында. Жаңа заман баршамызға жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді. Десек те, бірінші кезекте өскелең ұрпақтың ұлттық рухани тәрбие алуы болып тұр. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы» деп бекер айтпаса керек.

Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз. Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін көп оқып, ілім-білім қажет. Ал қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында Ислам мемлекеттеріне барып, ілім ізденіп келушілердің саны көбейді. Сол жастарымыздың Исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтын тәлім үйреніп келіп жатқандар бар. Десекте, діни сауаттығының таяздығынан жат елде алып жатқан ілімнің парқына бармай, қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын алып, бүгінде ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес. Қазір технология күн сайын өзгеріп дамып жатыр. Қоғам кез келген ақпаратты интернет желісінен алып машықтанып алды. Оның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екеніне мән бере бермейді. Сондықтан әрбір қажет еткен ақпаратты ресми дерек көздерден алған дұрыс.

С. Ақанова,

«Саран қаласының жастар

ресурстық орталығы» КММ басшысы