Бүгін: 29.03.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.

Басқармада мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ҚР заңнамаларын оқыту бойынша жоспар құрылған. Осы жоспарға сәйкес мамандар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңын және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларының баптарын, басқа да заңнамаларды оқыту бойынша семинарлар өткізіледі.

Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін  сенім телефоны (8 (72137) 7-67-61) жұмыс істейді.

 Басқарманың дәлізінде ақпараттық стендінде сенім телефондарының нөмірлері және басшының, басшының орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған. 

Сонымен қатар, кеңседе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселеллері жөніндегі Комитеттің, Департаменттің сенім телефондары іліген. 

Басқарма ғимаратына кіре берісте, бейнебақылаумен жабдықталмаған және басшылық пен мамандар тарапынан көрінбейтін жерде азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдауға арналған жәшік орнатылған.

Кеңседе берілетін рұқсат құжаттарының тізбесі, өтініштер мен рұқсат құжаттарын қарау мерзімдері туралы ақпарат қолжетімді. Әлеуметтік желілерде (Instagram -saranqsebb, Facebook-saranqsebb парақшалары) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар, жарияланымдар мен инфографикалар жарияланады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес Басқарма мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді:

-эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру. Мемлекетік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күн;

Қажетті құжаттардың тізбесі-бұл көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш және зертханалық аспаптық зерттеулерге/ сынақтарға сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер/ сынақтар хаттамаларының электрондық көшірмесі.

-қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық –қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық –эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы  санитариялық –эпидемиологиялық қорытынды беру. Мемлекетік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күн;  

Қажетті құжаттар тізімі-көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш және жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі.

- Халықтың санитариялық –эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру. Мемлекетік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күн

Есептік нөмірді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен және өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесімен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш беру қажет.

Бұл қызметтер электрондық үкімет веб-порталы арқылы электронды түрде тегін негізде көрсетіледі.

Электрондық үкімет порталы жөндеу және техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жұмыс істейді.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері қызмет алуға өтініш берген жағдайда, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру демалыс және мереке күндерінен кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер алу мәселелері бойынша Сіз 8(72137) 76782 телефон нөміріне хабарласа аласыз.

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау Басқармасы» РММ