Бүгін: 24.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жарнама – бұл ақпарат қана емес, тілді қалыптастырушы, тілдің дамуына ықпал етуші құрал.

 Жарнама тілі қазақ тілінің мәртебесін өсіреді. Сондықтан тілдің тазалығын сақтап, мағынасын бұзбау қажет. Өйткені сауатсыз жарнама – елдігімізге сын.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаламызда көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдары талаптарына сай ресімделіп, орналасуы бойынша «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыруымен 2023 жылы ақпан айында «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты - шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы көрнекі ақпарат (жарнама) құралдарын әзірлеу барысында мәтіндерінің сауатты жазылуына, орналасуына әдістемелік көмек көрсету Акция барысында Саран қаласы мен Ақтас кентінің көрнекі ақпараттары зерделеніп, қате аудармалар бойынша қолма-қол әдістемелік көмек көрсетілді.

 Саран қаласы мен Ақтас кентінде  құрылған жұмысшы топпен жалпы саны — 74 нысан зерделеніп, заң бұзушылық анықталған жеке кәсіпкерлерге ескерту хаттары берілді.

Меншік иелері маңдайша, жарнаманы ілмес бұрын жергілікті тілдерді дамыту бөлімімен тілдесіп, жарнама мәтіндерінің аудармалары дұрыстығын тексертіп, білмеген сауалын сұрап алса, мұндай қателіктер мен құқық бұзушылықтар орын алмас еді.

Аймақ көлеміндегі шағын және орта бизнес өкілдеріне «Телеграмм», «WhatsApp», «Іnstagram» желілері арқылы әдістемелік көмек көрсету мен тегін аударма қызметін ұсынуға «Жедел желі» («Callcenter») жұмысы 2019 жылдан жұмыс істеп келеді.

Сондай-ақ барша жерлестерімізді көшелердегі сыртқы (көрнекі) жарнамада кездесетін кез келген қателікке бейжай қарамауға, сауатсыз жарнамаға жол бермеуге, қандайда бір заңға қайшы келетін жарнама, нысан атауларын көрсеңіздер Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 87782418845 нөміріндегі «Whatsapp» мессенжеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

А. Нурмаханова,

Саран қаласының тілдерді дамыту

орталығы директорының м.а.