Бүгін: 26.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Баршаңызды келе жатқан Наурыз мейрамы мерекесімен құттықтаймын!

Біз бір шаңырақ астында бірліктің пен толеранттылықтың, қоғамдық келісім тұрақтылықтың символына айналған Наурыз мейрамын бірге тойлап келеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданады. Тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы. Халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады».

Наурыз ежелден адамдарды жақындастырып, олардың жан дүниесінде бейбітшілікке, ізгілік пен өзара көмекке деген ұмтылысты оятып, біздің бай рухани мұрамыздың және ұрпақтар арасындағы ажырамас байланыстың жарқын символы болды.

Құрметті жерлестер!

Айдай аялап, күндей күліп келген, үлкен мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге адами бақыт, шығармашылық табыс, істеріңізге береке, елімізге құт - мереке әкелсін деген ізгі ниетімді білдіремін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!