Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Еліміздің 30 жылдан астам тәуелсіз жолында жүріп келгенімен сыбайлас жемқорлықпен күрестің белсенді тақырыптардың бірі екеніне күмән жоқ, соның  ішінде сыбацлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің орыны бөлек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.

Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.

Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз қоғамда осындай мәдениетті қалыптастырмасақ, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басқа да жолдары өз нәтижесін бермейді. Яғни, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тек мемлекеттік органдар мен арнайы органдар күресіп қана қоймай, қоғамда да сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік қалыптасу тиіс дегеніміз.

Сондықтан, Саран қаласы бойынша мемлекеттік кірістер бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында қоғамды да атсалысуға шақырады.

М. Тохметов,

Саран қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің басшысы