Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жастар - кез келген мемлекеттің негізгі қозғаушы күші, болашағы. Жастар-біздің болашағымыздың бет-бейнесі мен рухы. Олар¬дың көзқарасы, ұмтылысы мен ұстанымы, білім мен білік сапасы елдің ертеңі екені даусыз.

Адам бар жерде мәдениет пен құндылық та қатар жүретіні -заңдылық. Олар адамға ғана емес, оны қоршаған ортаға да тікелей байланысты. Құндылық - әлдебір дүниенің маңыздылығын аңғартатын сипаты іспетті. Әр адамның таным-түсінігіне, көзқарасына байланысты әр түрлі сипатта болмақ. Қоғамда «рухани құндылықтар», «материалдық құндылықтар», «мәңгілік құндылықтар» сынды ұғымдар қалыптасқан. Біздің түсінігіміздегі құндылықтар – бұл жеке тұлға, әлеуметтік топ, қоғам оларды алуға, сақтауға және иеленуге күш салатын кез-келген материалдық немесе идеалды құбылыстар, яғни құндылықтар дегеніміз бұл адамдар қажет ететін және бағалайтын нәрсе.   Зерттеулерге сүйенсек, жастардың құнды¬лық¬тарының өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, жастардың басым бөлігі дәстүрлі құндылықтарға, атап айтқанда, отбасына басым¬дық берсе, екінші кезекте-денсаулық, үшінші орында достық тұр. Ал әр бесінші жас қазақстандық басты құндылық ретінде материалдық қамсыз өмір¬ді атап өтеді. Ең қы¬зығы, заманауи Қазақстанның жас¬тары «қоғамның мойындауы, абырой және «шы¬ғар¬машылық» пен «би¬лікке ие болу» секілді мәселелерге мән бермейтін көрінеді.

Тағы бір айта кетері, жастар арасында қоғамдық пікірге ықпал ететіндердің қатары аз екен. Дегенмен «билік өкілдері», «блогерлер, вайнерлер, тиктокерлер» белгілі бір деңгейде ықпал ете алатыны байқалады. Осыдан-ақ дәстүрлі және заманауи көзқарастар тоғыс¬қанын көреміз.

Сондай-ақ жастардың неге қызы¬ғатыны да маңызға ие. Олар қызығатын трендтер қоғамда бо¬лып жатқан әлеуметтік процес¬термен және жас ұрпақтың құнды¬лық көзқарастарымен тығыз бай¬ла¬ныста. Ден¬сау¬лық пен саламатты өмір сал¬тын ұстану секілді мәселелер кейін¬гі кезде жастар арасында ке¬ңі¬нен таралған. Жастар заманауи көзқарас ұстанатыны, өмірлік құндылықтары аға буын өкілдерінен ерекшеленетінін байқаймыз.

С. Ақанова,

«Саран қаласының жастар ресурстық орталығы»

КММ басшысы