Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Үздік еңбек әулеттерін және өндіріс қызметкерлерін анықтау мақсатында, қала тұрғындарын жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық байқауға қатысуға шақырамыз

Байқауға кәсіпорынның барлық қызметкерлері (саласына қарамастан) қатыса алады.

Номинациялар:

1) «Үздік еңбек әулеті» - саладағы ең ұзақ еңбек өтілі бар отбасы, бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіретін, ең көп марапаттары бар бір ұйым.

2) «Үздік жас өндіріс қызметкері» - өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады (жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес);

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады (жұмыс өтілі 20 жылдан кем емес).

Байқауға қатысуға үміткрелердің өтініші ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады, қатысу үшін мына құжаттар ұсынылады (мемлекеттік және орыс тілдерінде):

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі ;

3) номинация тақыры бойынша 1-2- минуттан кем емес видеоролик (қалауы бойынша жұмыс орны мен дағдыларын көрсете отырып);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығушылығы, сүйікті ісі және т.б.)1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматындағы);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);

6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат.

* Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалар, мадақтамалар, алғыс хаттар;

біліктілігін арттыру туралы сертификаттар (болған жағдайда).

Өңірлік және республикалық кезеңдерге қатысу тегін.

«Еңбек жолы» байқауына қатысу ережесі мен тәртібі туралы толығырақ ақпаратты «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-нің сайтынан, сондай-ақ, Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен (Саран қ., Жеңіс көш., 45, № 3 каб, анықтама телефоны 76770) білуге болады.