Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сәуір айының 19 жұлдызында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ бөлімі әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен колледж жатақханасында жатып оқитын студенттеріне арнап қалалық орталық мешітте ауызашар дастарханы жайылды.

Мешіттің бас имамы Мұхамедқали қажы Сапарғалиұлы мен найб имам Мәулен Әбілхайыр дастархан басында Рамазан айының қадір-қасиеті мен имандылық туралы уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, студенттердің қойылған сауалдарына жауап беріліп, жастарға білім алудың, уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығы туралы түсіндірілді.

Ал Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанбол Жаяубаев студенттерге аталмыш оқу орынының директоры Владимир Закамолкиннің ыстық сәлемін жеткізіп, ауызашарға демеушілік еткен азаматтар мен колледж ұстаздарына зор алғысын айтты.

Кеш соңында осындай игі шараны ұйымдастырған ұзтардар қауымы мен дін қызметкерлеріне студенттер өз алғыстарын айтты.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген автор