Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

21 сәуірде «Саран қаласының Қорғаныс министрлігінің 44803 әскери бөлімі» РММ-де ӨСжАҚжҚ ММ N°24 ӨСБ жеке құрамы және Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің инсекторлық құрамымен «әскери бөлімдердегі өрттерді сөндіру»тақырыбында өрт-тактикалық сабақ өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында өрт туындаған кезде персоналдың іс-қимылдары, өрт күзеті бөлімшелері келгенге дейін адамдарды эвакуациялау және шақыру орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастыру пысықталды.

Сондай-ақ адамдарды эвакуациялау тәртібі бойынша объект басшылығымен өзара іс-қимыл, бөлімшелердің жедел ден қоюы, бөлімшелердің жеке құрамының дабылы бойынша жинау және шығу, өрт оқпандарын бере отырып, барлау және жауынгерлік өрістетуді жүргізу пысықталды. Оқу-жаттығудың мақсаты объектілердегі өрттерді сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасының барлық мәселелерін практикалық пысықтау, сондай-ақ әкімшілікпен және қызметтік персоналмен өзара іс-қимылды пысықтау болып табылады. Оқу-жаттығуға жеке құрамның 6 адамы және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды. Сондай-ақ, Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Т.М. Сақбосын «жұмыс орнында және тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау», «өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау», «балалардың терезеден құлауының алдын алу» тақырыбында объектінің әскери қызметшілерімен Нұсқаулық сабақ өткізді. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, өрт крандары), өрт сөндіру құралдарын шартты өрт ошағына беру тәсілдерін қолдану бойынша сабақ өткізілді. Сабақ соңында Қазақстан Республикасының әскери бөлімдеріндегі өрттердің жедел жағдайы жеткізілді және өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар түрінде ұсынымдар таратылды.