Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Ырыс дегеніміз не? Ынтымақ  деген не мағына? Ырыс сөзін – береке, ынтымақ сөзін – бірлік мағынасымен синонимдес етіп қарастыруға болады. Ырыс-ынтымақ, береке-бірлік ұғымдары бірге  қолданылатын егіз  тіркестер.

«Бірлігі жарасқан ел», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Береке басы – бірлікте» деген қанатты сөздерді жиі қолданамыз. Бізге бірлік не үшін керек? Бірліктің белгісін қайдан көреміз?

Берекені бетке ұстаған басы бір ел болу үшін мемлекетке татулық қажет. Татулықты тіршілігіміздің тірегіне айналдыра білгендіктен болар, көпұлтты мемлекетімізде достық пен бірлік жыл откен сайын жылдармен бірге нығая түсуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жер жүзіне   паш еткенде оны әлем халықтары жақсы қабылдап, санасып қана қоймай, барлық сала бойынша біте қайнасып, тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысқаны  мәлім.  Сөйтіп, елімізде халықаралық қатынастың өзіндік  бір моделі қалыптасты. Бұл саяси тұрақтылықты 130 этнос өкілі бар  мемлекетте бірінші кезекте ынтымақ орнады. Мұндайда қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» деген екен. 1 мамыр әр  түрлі ұлттар достығы мерекесі деп біз бала кезден санамызға сіңіріп өстік.

Бала кезімізде бұл күнді асыға күтетін едік. Қолымызға гүл, шарларымызды алып алаңға шеруге шығатынбыз. Шеруге  әр ұлт өзінің ұлттық киімін киіп шығатын, сол кезден ақ осы мейрам біздің елдің әртүрлі ұлттан тұратыны, сол ұлттар арасындағы бірлікпен ынтымақтастықтың, достықтың көрінісі болып санамызға сіңді. Енді, міне, бұл күнді заман талабына сай етіп, Қазақстан халқының бірлігі күні деп жаңаша атап жүрміз. Бұл да тәуелсіз ел үшін аса қажет мереке екені анық. Қазақстан халқы  қиын-қыстау заманда, басына күн туған басқа ұлт халықтарына құшағын айқара ашып бір нанды бөліп жеп, бауырына басып сыртқа теппеген. Сол кездегі бауырмалдылықтың арқасында қай халықтың болмасын ризашылығына бөленіп отырған жайы бар. Әр ұлттың өз менталитетіне қазақ халқы түсіністікпен, сыйластықпен қарайды.Біздің мемлекетте қай халық болсада өзінің ана тілінде сөйлеуге хақысы бар.

Бейбітшілік – халықтар достығы, ұлы достықтың қайнар бұлағы. Достық біздің – алып  күшіміз. Міне Қазақстан осындай ел.Тәуелсіз мемлекетіміз –бейбітшіліктің берік тірегі, азаттықтың Отаны. Сан ұлттың өкілдері «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып»  тату - тәтті өмір сүруде. Осы ынтымақтастығымыз берік болып, ырыс берекеміз арта берсін дегім келеді.Осы мерекеге орай №3 КБ кітаптар көрмесі ұйымдастырылып кітапхана тұтынушыларымен библиографиялық шолу жүргізілді.

Барша Қазақстандықтарды келісім мен бейбітшіліктің, татулық пен ынтымақтастықтың айшықты мерекесі Бірлік күнімен құттықтаймын!

А.Мусина,

 №3 КБ кітапханашысы