Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Микроспория немесе «құрғақ теміреткі» - жұқпалы тері ауруы. Микроспория ерекше микроб-саңырауқұлақпен қоздырылады. Ауруды тасымалдайтын құрғақ теміреткімен ауыратын мысық, ит, бұзау, сиыр, жылқы, тышқандар.

Адамға ауру жануармен жанасқанда, ауру жануардың тері қабыршақтарымен залалданған тұрмыстық заттардан, 3-4% жағдайда адамнан адамға жұғады.

Саңырауқұлақтар тұрмыстық заттарда, киімде, ойыншықтарда және басқа да заттарда жылдан астам, қоршаған ортада (топырақ) бір ай сақталады.

Микроспориямен негізінен балалар ауырады, ересектертер арасында сирек кездеседі.Саңырауқұлақ шашты, теріні, кейде тырнақты зақымдайды. Бастың шашты бөлігі зақымдалғанда шаштың түсуі пайда болады. Терідегі зақымдалу ошақтары дөңгелек пішінді қызғылт түсті қабыршақты, көпіршікті болады.

Теріде немесе шашта қабыршақты дақтар немесе ошақтар пайда болған кезде өздігінен емделмей, мамандандырылған медициналық мекемеге дәрігер-дерматологқа қаралу қажет.

Клиникасында шаштың түсуі, терінің қабынуы, зақымдалған теріні басқанда аурысыну, түлеуі, қышуы, шаш түскен ошақтардың ұлғаюы бір-біріне қосылуы, құлақмаңы және желке лимфа түйіндерінің улкеюі байқалады. Дер кезінде ем басталса аурудан толығымен айығады.

Негізгі алдын алу шаралары:

  • иесіз мысық, иттермен ойнамау, оларды үйге әкелмеу. Асыраған күшік немесе мысықтарды ветеринар дәрігерге қарату керек;
  • үй жануарларын жылына 1 рет және қажеттілігіне қарай ветеринар дәрігерге көрсету;
  • жеке бас гигиена ережелерін сақтау: басқа адамдардың бас киімін кимеу, сүлгі, тарақ, жуынатын заттарын қолданбау, микроспориямен ауырған балалардың кітап, дәптер, ойыншықтарын қолданбау;

Сонымен қатар, есте сақтау қажет:

  • микроспориямен ауырған адамдар толығымен сауыққанша балабақшаға, мектепке (оның ішінде музыка, спорт мектептеріне де), моншаға, шаштаразға, бассейнге бармау қажет;
  • ауырған адамға күтім жасаушылар дәрігердің ұсыныстарын орындау, ауру қайталанбас үшін қорытынды дезинфекция жүргізу қажет;
  • үйде ауру жануар болса, оларды тексертіп, емдету қажет.

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ