Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді Қазақстан халқының

бірлігі күнімен құттықтаймыз!

Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді біздің халық.

Бірлік күні қарсаңында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында атап өткендей: Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі.».

Бір шаңырақ астында біздің тағдырларымыз, өміріміз біріктірілді, біз біртұтас ұлт болдық. Біз бірге қиындықтар мен қиыншылықтардан өтудеміз, ортақ жетістіктерге қуанамыз және Саран қаласының және ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін бар күш-жігерімізді саламыз!

Мерекелеріңізбен, құрметті жерлестер!

Сіздерге мерекелік көңіл-күй, зор денсаулық, бақыт, амандық және еңбек пен оқуда табыс тілейміз!