Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібін айқындайды.
  2. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын мыналар ұсынады:

1) қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

2) өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

3) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

  1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.

2-тарау. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібі

  1. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – фитосанитариялық есепке алу субъектілері):

1) пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу;

2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы;

3) пестицидтерді, биоагенттердің сақтау;

4) пестицидтер, биоагенттер қолданылатын химиялық өңдеулер жүргізу;

5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтер ыдыстарын залалсыздандыру бойынша фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді.

  1. Фитосанитариялық есепке алу субъектілері фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша фитосанитариялық есептілікті ұсынады.

        1)фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есебін ай сайын, қаңтардан желтоқсанға дейін есепті айдан кейінгі әр айдың 10-на дейін;

2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп, жылына екі рет, бір рет 10 шілдеге дейін және бір рет 10 қаңтарға дейін;

3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп жыл сайын, 10 қаңтарға дейін;

4) өз өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін пестицидтерді, биоагенттерді қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің химиялық өңдеулер жүргізуі туралы есеп ай сайын, наурыздан қазанға дейін, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін;

5) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зиянсыздандыру жөніндегі есеп жыл сайын, 10 қаңтарға дейін.

Фитосанитариялық есепке алу нысандарын фитосанитариялық есепке алу субъектілері аудандық инспекцияларға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынады. Әкімшілік деректердің толтырылған нысандары Комитеттің ресми интернет-ресурсында көрсетілген аудандық инспекциялардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.

Аудандық инспекция фитосанитариялық есепке алу субъектілері ұсынған фитосанитариялық есептер негізінде кейіннен Комитеттің облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – облыстық инспекция) ұсына отырып, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді.

Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген есептер түрлері бойынша және мерзімдерде фитосанитариялық есептілікті Комитетке ұсынады.

Т.Маханова,

Өсімдіктерді қорғау және

өсімдіктер карантині

жөніндегі мемлекеттік

инспекторы