Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Баршаларыңызды келе жатқан мерекелер – Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Аға ұрпақтың даңқты қаһармандық жауынгерлік дәстүрін жалғастыра отырып, Отанымыздың әскери қызметшілері қазақстандықтардың бейбіт тыныштығын қорғай отырып, әскери борышын абыроймен атқаруда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отмечает: «Қарулы Күштеріміздің барлық құрылымында қызмет ететін сарбаздар мен сардарлардың жауынгерлік рухы, отаншылдығы, әскери дайындығы және кәсіби машығы еліміздің қорғаныс қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. …Армия – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі».

Екі мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінің бірінен соң бірі мерекеленуінің өзібекерден бекер емес.

Бұл Отан қорғаушылар ұрпақтастығының сабақтастығы туралы айтады. Әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі біз үшін өнегелі бағдар, ерлік пен отансүйгіштіктің үлгісі болып қала бермек.

Бұған жарқын дәлел – қалалық Достық үйінде өткен «Батырлардың даңқы - ұрпақтардың жадында» атты үш ұрпақ өкілдерінің кездесуі, онда біз әскерге шақырылушыларды Қарулы Күштер қатарына мерзімді әскери қызмет өткеру үшін салтанатты түрде шығарып салған болатынбыз.

Құрметті жерлестер! Барлық Отан қорғаушыларға зор денсаулық, амандық және табыс тілейміз! Ержүрек һәм батыр адамдардың бұл мерекесі әрқашан бейбіт және қуанышқа толы болсын!