Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Бүгінгі күні кез-келген жағдайда тиісті тәсілдер мен айрықша шешімдер табуға қабілетті, ерекше ойлайтын жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің басты талаптарының бірі.

Мемлекеттік қызметшілер билік пен халық арасын байланыстыратын алтын көпір. Сондықтан олардың кәсіби біліктілігімен қатар, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Елді жоғары деңгейде дамыту үшін мемлекеттік қызметшінің бойында жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, әділдік, адалдық сияқты қасиеттер болуы тиіс. Сол себепті, осы бағытта жұмыс істеу - бүгінгі күннің талабы.

Ал, бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыруда Әдеп жөніндегі кеңестің алатын орны ерекше.

Себебі, Кеңес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын алдын алу, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарын қарауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері отырыстарында әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау, тәртіптік комиссиялар жұмысын үйлестіру және өзге де лауазымды адамдардың есептерін тыңдауды жүргізеді.

Жылдан жылға тәртіптік істердің саны және қаралатын профилактикалық сұрақтар үлесінің өсу динамикасы байқалады.

Атап айтқанда, 2021 жылы қаралған 40 сұрақтың 14-і және 2022 жылы 35 сұрақтың 6-ы тәртіптік істер болса, биылғы жылы 2 отырыста барлығы 10 сұрақ қаралған және олардың бәрі профилакикалық бағыттағы мәселелер.

Бүгінгі таңда Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеруге бағытталған шаралар қабылдап, белсенді жұмыс жасауда.

Бұл мақсатта, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тек отырыстарға қатысып қана қоймай, мемлекеттік органдар арасында, оның ішінде аудан және ауылдық округтерге барып, мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын өткізеді, азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.

Мысалы, ағымдағы жылы осындай іс-шаралар Ақтоғай және Шет аудандарында өткізілді.

Бұндай шаралар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік теріс қылықтарды жасаудың алдын алуына, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, халыққа жақын, әр істе әділ болуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Бағдары айқын, қызметі елеулі Әдеп жөніндегі кеңес институты халықтың сенімін ақтауға өз күшін сала бермек.

Б. Дүйсетаев,

«Қазақстан» РТРК» АҚ

Қарағанды облыстық филиалының директоры