Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мамыр айының 11 жұлдызында Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын.

Алқалы жиынға Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары, Саран қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Н. Хамитов төрағалық етті.

Күн тәрібінде № 16 жалпы білім беретін мектептің директоры Шынар Өскенбаеваның кәмелетке толмағандарға жыныстық тәрбие беру және жүктіліктің алдын алу, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыстар туралы баяндап өтсе, Саран қаласы білім бөлімінің бас маманы Светлана Цаплинаның қолайсыз отбасылардан шыққан білім алушыларды, тәуекел тобындағы және девиантты мінез-құлықты балаларды мәдени спорттық іс-шараларға тарту мәселелері жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында комиссия төрағасының орынбасары Н. Хамитов кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет-қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген автор