Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сырт келбеті ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономиканы басқару тәртібі де өзгеріп келеді. Болып жатқан өзгерістер әрине жақсы, бірақ сол өзгерістермен қатар мемлекетіміз «сыбайлас жемқорлық» деген тамырласқан індетпен күресуге тура келеді. Өкініштісі сол, сыбайлас жемқорлық мемлекетімізбен жарыса өсіп, ел экономикасының қарқынды дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр. Сондықтан оны болдырмау, оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Осы орайда, бұрнағы күні Саран қаласының мемлекеттік архивінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Қалалық архивтің басшысы Айдын Құлжанбеков шымылдығын түріп, жүргізіп отырған дөңгелек үстелге Саран қаласы прокуратурасының прокуроры Сейдазым Досбол Өнербекұлы қатысты.

Алқалы жиында алғы сөзді архив басшысы Айдын Кулжанбеков алып, қатысушыларға іс-шараның мақсатын тілге тиек ете кетті. Содан кейін ол жемқорлық тәуекелін жою мақсатында аталмыш мекемеде жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Ал Саран қаласы прокуратурасының прокуроры Досбол Өнербекұлы архив мамандарына сыбайлас жемқорлықтың ауыр қылмыс, қоғамның дерті онымен күресу баршамыздың міндетіміз екенін, жұмыс орнында қазақтың салтына сіңген сый - сияпат көрсету дәстүрлері сыбайластық көрінісі екенінде айта келе, алдағы уақытта  халыққа көрсетілетін қызметтеріне табыс тіледі.

Дөңгелек үстелге қатысқан қалалық архивтің мамандары өздерінің тараптарынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты көптеген өзекті сұрақтарын қойып, оларға толықтай, мағыналы жауаптар алды. Сонымен қатар, олар Саран қаласы прокуратурасының прокуроры Досбол Өнербекұлына алғыстарын білдіріп, айтылған ойлар мен берілген кеңестерді қаперлерінде ұстайтындықтарын жеткізді.

 

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген автор