Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2023 жылғы 15 мамырдан бастап 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінімдерді қабылдау басталғанын еске салады.

Гранттарды беру үш ағынмен қарастырылған:

15-26 мамыр; 10-21 шілде; 2023 жылғы 4-15 қыркүйек.

Өз ісін ашуға немесе кеңейтуге ниет білдіргендердің барлығын конкурсқа қатысуға шақырамыз. Грант алуға үміткерлер «Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне он-лайн оқытудан өтуі, тестілеуден өтуі, сертификат алуы, бизнес-жоспар құруы және электрондық форматта өтінім беруі қажет.

2023 жылы гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік өтілі 3 жылдан аспайтын азаматтарға беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша «Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласуыңызды сұраймыз: Саран қаласы, Ленин даңғылы, 11, сондай-ақ телефондар бойынша: 8(72137) 74807.