Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақтың біртуар дара батырларының бірі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Амангелді Имановтың туғанына биыл 150 жыл.

Амангелді Иманов 1873 жылы Торғай уезінде дүниеге келген. Амангелді ең алғаш ауыл молдасынан сауатын ашып, кейін Тасыбай Тәшмағамбет ишандардың медресесінде 4 жыл білімін шыңдап түрік, парсы, араб тілдерін меңгереді.

Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырайды.

Амангелді  Үдірбайұлы  Иманов   есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты.

Амангелді қара дүрсін батыр емес, айлалы, ұлт-азатық қозғалысының тарихын, дәстүрін өте жақсы білетін, қолбасшылық дәрежесіне даярлығы болған ел ағасы болатын. Атасы Хан Кенесарының сардарбегі болған атақты Иман батырдан дарыған қасиеті болса керек,         Амангелді өз заманының атақты қолбасшысының бірі болды. Ол 1916 жылы бүкіл орталық Қазақстаннан ағылған жігіттерден азғана уақыт ішінде, 50 мыңдық қосын жасақтады. Патша өкіметінің жазалаушы қосыны сол заманның қару-жарағымен қаруланғанын ескеріп, партизандық күрес әдісін шыңдады. Бүкіл Торғай өңірін шеңбер-шеңберге бөліп, жау қолын тосты, барлау ұйымдастырды, телеграф линиясын істен шығарып, жаудың байланыс тобын талқандады. Оның ұйымдастырушылық қасиеті, қазақ халқының басын қосып, бірігіп әрекет етуіне сеп болды.  Бұл көтерілісте тек қана қазақ халқы ғана емес, қырғыз, орыс халықтары да белсене қатысты. Ол көтерілс ұйымдастырумен қоса    революциялық көтеріліс кезінде Амангелді Атбасар мен Көкшетау аралдарына барды. Ол ауылдарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, Атбасар және Көкшетау уездерінің қазақтары өз жерлерінен айырылғанын айтады. Осылайша қазақ халқының көзін ашып,  әділетсіздіктерге немқұрайлы қарамау керектігіне халықты барынша шақырады. Батыр бабамыз көтеріліске дейін де қазақ даласында халықтың азаттығы үшін күрескер, отарлық тәртіпке қарсы адам ретінде танылған.

Амангелді Имановтың ерлікке толы ғұмыры Ж. Жабаев, О. Шипин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, орыс жазушылары П. Кузнецов, Л. Соболев, Д. Снегин сияқты көптеген  ақын-жазушылар шығармаларына арқау болды. 1938 жылы режиссер Моисей Левиннің «Амангелді» кинофильмі экранға шықты, сценаристер қатарында қазақ жазушылары Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов те болды. Ал қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеев өзінің ең танымал туындыларының бірі – Амангелді Имановтың портретін салды.

Ұрпағының білімді болып өскенің қалаған, егемендікті армандаған ұлт батырын ұлықтау біздің әрқайсымыздың парызымыз!

 

А. Мусина,

№3 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы