Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Биыл медиа сыйлықтың номинациялары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, еңбек адамы, аймақтың өмірі мен тынысы, рухани және мәдени даму, жастардың қоғамдағы рөлі, Алаш қозғалысы, азаматтық борыш секілді негізгі тақырыптарды қамтиды.

Сондай-ақ, биыл Алаш тақырыбы байқауда ойып тұрып орын алады. Себебі біз үшін Алаш тақырыбында ізденіп, қалам тербейтін журналистерге қолдау көрсету ең басты міндеттердің бірі. Бұл сондай-ақ Алаш идеясын насихаттау мен арыстардың рухына деген тағзым мен құрмет белгісі болмақ.

Бұған қоса, биыл Мағжан Жұмабаевтың 150 жылдығы. Осыған орай, біртуар ақынның атындағы “Сөз зергері” арнайы сыйлығы да бар. Сонымен қатар, Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов атындағы «Теледидар үздігі» сыйлығына арнайы орын берілген. Байқауда журналистің белсенді азаматтық ұстанымы үшін де берілетін арнайы жүлде бар.

 

Биыл «AMANAT медиа-сыйлығы» 10 номинация бойынша беріледі:

  1. «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»
  2. «Еңбек адамы туралы үздік материал «
  3. «Аймақ туралы ең үздік материал»;
  4. «Рухани-мәдени даму туралы үздік материал»;
  5. «Жастар туралы үздік материал»;
  6. «Алаш қозғалысы туралы үздік материал «
  7. «Азаматтық борыш туралы үздік материал»

Арнайы сыйлықтар:

  1. Мағжан Жұмабаев атындағы «Сөз зергері» сыйлығы
  2. Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы
  3. «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы

Құрметті журналистер, сіздерді биылғы «AMANAT медиа сыйлығына» қатысып, үздік атануға шақырамыз! Жұмыстар маусым айының 19-на дейін қабылданады.

Материалдарды конкурстың Ұйымдастыру комитеті, Астана қ., 010000, «AMANAT» партиясының Орталық аппараты, Қонаев көшесі, 12/1, № 708 бөлмесіне немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекенжайына жолдау қажет.

Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-916-005, 8-7172-916-029, 8778-097-55-22 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

 

amanatpartiasy.kz