Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қарағанды облысында аймақтық чемпионат2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Саран техникалық колледжі 2016 жылдан оқытылатын кәсіптер мен құзыреттіліктер бойынша жыл сайын қатысады.

2019 жылы колледж аймақтық чемпионатта «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 1 орын алды, ал 2022 жылы «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша колледждің студенттері 3 орынды иеленді. Колледжде қатысушыларды іріктеу үшін «Мамандығы бойынша үздік» атты ішкі конкурс өткізіледі, оған әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер шақырылады.

WorldSkills 2023 аймақтық чемпионатына қатысу да табысты болды. 22 мамырда Қарағанды облысының білім Басқармасының, Қарағанды облысының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Достық Үйінде WorldSkills 2023 аймақтық чемпионатының қорытындысы жасалды. Қатысушылар – Қарағанды облысы колледждерінің үздік жүлдегер студенттері. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Аспаздық іс» бағыты бойынша бойынша Саран техникалық колледжінің студенті Головачёв Илья 3 жүлделі орын, қола медальон алды. Студенттің жетістігі – бұл өндірістік оқыту шебері Воронина Елена Сергеевнаның зор еңбегі. Шебер өзінің үлгісімен, біздің қарапайым зертханада машықтарды шыңдау арқылы студентті сайысқа қатысуға және жетістікке қол жеткізуге ынталандырды.

Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтары біздің өңірде бұрыңғыдан да бетер сұранысқа ие. Саран қаласы, Ақтас пен Шахан кенттері мектептерінің түлектерін Саран техникалық колледжіне шақырамыз. Дұрыс таңдау жасаңыздар!

 

А. Битуова,

Саран техникалық колледжі