Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

1 маусым Бүкіл әлемде ерекше қуаныш пен жылулыққа толы тамаша мереке - Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі.

Мемлекет басшысы Қсым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз.».

Балалар – бізде бар ең құнды нәрсе, олар біздің үмітіміз және болашағымыз.

Өскелең ұрпақты қолдау әрқашан біздің мемлекетіміздің маңызды міндеті болды және болып қала береді де.

Біз әрбір баланың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажет мектептер, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандарын салудамыз.

Біз, ересектер, балаларымыздың жақсы оқығанын, достықты бағалай білетін адал адамдар болып өскенін, өмірде дұрыс таңдау жасап, лайықты азаматтар һәм өз Отаннының патриоттары болғанын қалаймыз.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» дейді дана халқымызда.

Бұл шуақты мерекеде оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыстың басталуын бейнелейтін соңғы мектеп қоңырауы соғылады!

Бұл күнде біз мектеп тарапынан берік білім мен дұрыс өнегелік бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға немесе еңбек жолын бастауға дайындаған түлектерімізге арнайы қоштасу сөздерін айтамыз.

Сонымен қатар, түлектеріміздің болашақта туған қаласы мен елінің гүлденуіне елеулі үлес қосатынына сенім артамыз.

Балаларымыздың бақытты, ақылды, табысты адам болып өсуіне бар күш-жігерін салып, қамқорлығы мен ілтипатын таныта білген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.

Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге бақытты жазғы демалыс пен ұмытылмас әсерлер тілейміз! Әр шаңырақта тыныштық пен береке болсын! Барлық балаларымыздың болашағы бақытты болсын!