Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 8 маусымда Саран қаласында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің, жалпы білім беру ұйымдары, Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің қатысуымен «Қамқор» кең ауқымды рейдттік шаралары ұйымдастырылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтау, оларды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға орналастыру. Отбасына жан-жақты қолдау көрсету, келеңсіздіктердің себептерін жою. Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалары бар отбасылар туралы деректер банкін жүргізу. Кәмелетке толмағандардың қайыр сұрау, балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен болған фактілерді анықтау үшін азаматтардың көп жиналатын орындарын тексеруге, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды анықтауға ерекше назар аударылды.

Рейдті тиімді өткізу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен топтар құрылды, қиын жағдайдағы отбасылардың және жұмыс істемейтін отбасылардың тұрғылықты жағдайларының мүмкіндігін ескере отырып маршруттар әзірленді.

Рейд барысында Саран шаһары бойынша бірнеше нысандар тексерілді, оның ішінде саяжайлар мен шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, тұрғын үйлер, көлік жуу орындары, жанар-жағармай құю бекеттері, шағын аудандар, базарлар. Полиция бөлімінде есепте тұрған қиын жағдайдағы отбасылар тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Рейд барысында шаруа қожалықтарымен, дәмхана, бар, жанармай құю бекеттерінің әкімшілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары түсіндірілді.

Сонымен қатар, ата-аналармен әңгіме жүргізіліп, сауда орындарында, базарларда тиісті тақырып бойынша ақпараттық кітапшалар таратылды.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген автор