Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Осыдан 31 жыл бұрын, 1992 жылы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің табалдырығын аттап, бірінші қазақ сыныбына қабылданған алғашқы түлектер өздерінің алтын ұяларына келіп, оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты. 20 жылдан кейін  бас қосқан түлектер  алдымен білім ордасына еніп, кішіпейілдік көрсетіп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына сәлем берді. Бір сәт партаға отырып, сағыныш сезімдері мен балалық, жастық дәурендерін еске алысты.

Түлектер оқушы кездерінде өткерген қызықты сәттерін, ұмытылмас 11 жылын еске алды. Кездесуде түлектер ұстаздарына жылы лебіздері мен тілектерін арнап, алғыстарын білдірді. Өздері білім алып, түлеп ұшқан білім ордасына салмақты сый-сияпатын ұсынуды да ұмытпады.

Көңілге зор қуаныш сыйлаған бұл кездесудің ерекше тұсының бірі - Атырау, Астана, Қарағанды қалаларындағы сыныптастардың келіп бас қосуы еді. Білім қуып, қызмет бабымен әр қырға самғаған сол кезеңдегі өрімдей ұл-қыздар бүгінде үлгілі ата-ана, жоғары кәсіп иесі, білікті маман. Олардың бұл игі ісі осы мектепті бітірген басқа да түлектерге үлгі болды. Сағынысып кездескен түлектер осылайша туған қаласына тағзым етіп, алтын ұясынан мәз болысып аттанысты.

20 жылдан кейін алтын ұясына оралып, сағынысып кездесіп, қайта бас қосқан түлектердің бұл бастамасына ұстаздар қауымы ризашылығын білдіруде.

2003 жылғы түлектер өздерінің алғашқы қалам ұстатып, әріп үйреткен ұстаздарына Серикова Гульден Абдилхамидовнаға, Айгүл Мерекеевнаға, орта буын сынып жетекшісіне Абеугалиева Меруерт Нұртаевнаға, жоғары буын сынып жетекшісіне Адиетова Светлана Альхуатовнаға, пән мұғалімдеріне: Мустафин С.Х., Уразбеков Ж.С., Игманов Р.А., Буртебаев А.С., Кенжетаев М.М., Толеуова А.А., Несбаева Б.Н., Бекжанова К.С., Искакова Д.К., Алимбекова А.К., Касымова Б.С., Жарылгапова Б.У., Кулпейсова Н.Е.,  Каинбаева М.К., Карпекин О.Н., Бейбіт Ж.Б. алғыс білдіреді.  

2003 жылғы түлектер