Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе (5 жылға дейін) кәсіпкерлікпен айналысатын  21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға конкурстық негізде шағын несие беру.

Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады. Сыйақының атаулы мөлшерлемесі - жылдық 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы - кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін.

Несие беру мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсатта  5 жылға дейін. Бұл қызмет бағыты үшін - 7 жылға дейін. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарынан басқа, айналым қаражатын толықтыру үшін несие беру мерзімі 24 айға дейін.

Сондай-ақ негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған, шағын несие беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Шағын несие беру туралы сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 53/1, «Дәулет» СҮ, 2-қабат. Тел: 8-7212-55-99-91