Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн.

Ежелден дәрігерлік қызмет асыл әрі адамгершілікті ту еткен кәсіп болып саналады. Қандай қиын сәттер мен ауыр жағдайларда да дәрігерлер мен мейірбикелер өз ісіне мұқият қарап, адам жанының арашашысы бола білді. Дәуір мен өркениет алмасып келсе де, олардың Гиппократ антына адалдығы сол күйінде қалып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр.

Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру  жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты».

Соңғы жылдары біздің қалада денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайды. Жаңа әдістемелер енгізілуде, емдеудің заманауи технологиялары, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар қолданылуда. Мұның бәрі біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға оң әсер ететіні сөзсіз.

Біз күні бүгінге дейін тәлімгер ретінде өзінің баға жетпес тәжірибесін жас мамандарға беруді жалғастырып келе жатқан денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне, туған өлкенің осы саласының дамуына елеулі үлес қосқан медициналық әулеттерге үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!